“Сегіз қырлы, бір сырлы" тақырыбында сыныптан тыс шара өткізілді » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Сегіз қырлы, бір сырлы" тақырыбында сыныптан тыс шара өткізілді
17
ноябрь
2023

“Сегіз қырлы, бір сырлы" тақырыбында сыныптан тыс шара өткізілді

     «Мәңгілік ел –  мәртебелі тіл» тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы онкүндігінің аясында “Сегіз қырлы, бір сырлы" тақырыбында сыныптан тыс шара өткізілді.
Мақсаты: оқушы бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыра отырып, ана тілін ардақтауға, халықтың әні мен күйін сүюге тәрбиелеу.
Іс-шарада 9 «Ж» және «9Ж»  сынып оқушылары дайындаған «Бұл кино бұрынғыдан өзгерек» тақырыбында танымал қазақ киносынан алынған үзіндіге дыбыстық дубляж жасау шеберлігін тамашалап, актерлық шеберлік пен тіл тазалығына баға берілді.
Екіншіден, халық ауыз әдебиетіндегі эпостық, лиро-эпостық жырлардан, шешендік сөздерден сахналық қойылым көрсетілді. Оқушылардың актерлік шеберлігі мен тіл тазалығына, сахна мәдениетін сақтауына баға берілді.
Сонымен қатар, оқушылар халқымыздың әні мен күйін  нақышына келтіре орындады.
Сыныптан тыс шараны  ұйымдастырған қазақ тілі мұғалімдері А.Ауелбекова мен М.Кенжебеаеваға  алғысымыз шексіз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: