Биология пәнінен жүргізілген ерекше жобалық сабақ » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Биология пәнінен жүргізілген ерекше жобалық сабақ
27
октябрь
2023

Биология пәнінен жүргізілген ерекше жобалық сабақ

     І тоқсанда лицейімізде жүргізілген ерекше сабақтың бірі Айдарова Айдана Берікқызының биология пәнінен 9”Ә” сынып оқушыларының І тобына өткен сабағы. Қазіргі заманғы ғаламдық экология проблемаларын және оның салдарын, себебін, алдын алу мен жою жолдарын білу арқылы оқушының экологиялық сауаттылығын, экологиялық этикасын арттыру мақсатында ұйымдастырылған жобалық сабақ болды. Сабақ апталық жоба көлеміне жоспарланып, нәтижесін лицейдегі Space орталығында қорғады. Жүргізілген жобалау сабағы оқушылардың зерттеушілік, шығармашылық және функционалдық қабілеттерінің дамуына ықпал етті деп айта аламыз. Сабаққа химия пәні мұғалімдері Жұмабай Ф., Бақытжан Н., Тәліп М. қатысып, тәжірибе алмасты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: