Ұстаздар, оқушылар және ата-аналар назарына! » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ұстаздар, оқушылар және ата-аналар назарына!
18
октябрь
2023

Ұстаздар, оқушылар және ата-аналар назарына!

     Өздеріңізге белгілі, жыл сайын ҚР Оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат берілген оқулықтар тізімін бекітеді. Республикалық білім мазмұнын сараптау орталығы – аталған оқулықтарды мемлекеттік сараптамадан өткізумен айналысатын бірден-бір ұйым. Орталықтың ресми сайты – BMSO.EDU.KZ Ал білім беру ұйымдарына пайдалануға ұсынылған барлық оқулықтың PDF нұсқасы тек ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми сайтында жарияланған. Яғни қолданыстағы барлық 1-11 сынып оқулықтарын аталған ресми сайттан тегін жүктеп алуға болады! Алайда кейбір ұстаздар мен оқушылар OKULYK.KZ сайтындағы оқулықтарды оқу процесінде пайдаланғаны белгілі болды. 
     Құрметті ұстаздар және оқушылар!
OKULYK.KZ – Оқу-ағарту министрлігімен байланысы жоқ, жеке меншік сайт. Сондай-ақ аталған сайтта мемлекеттік сараптамадан өтпеген оқулықтар да кездеседі. Сол себепті мұқият болуға шақырамыз! 
Тексерілген, ресми ақпараттар тек Оқу-ағарту министрлігінің және BMSO.EDU.KZ сайтында!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: