«Lesson Study арқылы мұғалімнің зерттеушілік құзіреттілігін дамыту» тақырыбындағы қалалық тәжірибелік семинар өтті » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Lesson Study арқылы мұғалімнің зерттеушілік құзіреттілігін дамыту» тақырыбындағы қалалық тәжірибелік семинар өтті
13
октябрь
2023

«Lesson Study арқылы мұғалімнің зерттеушілік құзіреттілігін дамыту» тақырыбындағы қалалық тәжірибелік семинар өтті

   №178 мамандандырылған лицейде «Lesson Study арқылы мұғалімнің зерттеушілік құзіреттілігін дамыту» тақырыбындағы қалалық тәжірибелік семинар өтті. Семинарға ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Өрлеу» БАҰО» АҚФ республикалық кәсіби даму институтының тренері А.Ы.Есентаева және осы институтта «5-9 сыныптар бойынша информатика пәндерінің пәндік құзырлығын дамыту» тақырыбымен білім жетілдіру курсынан өтіп жатқан пән мұғалімдері қатысты. 
   Лицей директоры К.Х.Шадиев Lesson Study мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл екендігін айта келе, семинарға қатысушылардың жұмысына сәттілік тіледі.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.А.Байтелиева  «Информатика мұғалімдерінің автоматтандырылған ақпарат жүйесі (website жүйесі)» тақырыбында  тәжірибе бөліссе, Lesson Study бойынша мектеп тренерлері А.Б.Айдарова,  Н.Е. Досқожаева Lesson Study бойынша зерттеу сабақтарын көрсетті.  
   Тәжірибелік семинардың соңы «Space-178» инновациялық зертхана орталығында өткен «Lesson Study – оқыту мен тәжірибені дамытудағы ынтымақтастық тәсілі» тақырыбында ғы панельдік сессиямен ұласты. Панельдік сессияны жүргізуші директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.А.Даулетбаева қазіргі кездегі сабақты зерттеудің кейбір мәселелері туралы сұрақтар қойып, семинарға қатысушылар арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: