Лицейіміз тұңғыш рет Қаныш Сәтбаев атындағы Ұлттық Техникалық Зерттеу Университетімен бірге меморандум жасады. » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Лицейіміз тұңғыш рет Қаныш Сәтбаев атындағы Ұлттық Техникалық Зерттеу Университетімен бірге меморандум жасады.
03
октябрь
2023

Лицейіміз тұңғыш рет Қаныш Сәтбаев атындағы Ұлттық Техникалық Зерттеу Университетімен бірге меморандум жасады.

     Жаңа оқу жылының жаңа бастамасы 2023-2024 оқу жылында лицей әкімшілігі қаламыздағы бірнеше жоғары оқу орындарымен тығыз байланыста болып, ондағы профессор және ғалымдармен тәжірибе алмасу, жоғары оқу орындары ұйымдастырған пәндік олимпиадалар мен шығармашылық жұмыстарды  арттыру мақсатында ынтымақтастық келісімдерге келуде. Сол негізде лицейіміз тұңғыш рет Қаныш Сәтбаев атындағы Ұлттық Техникалық Зерттеу Университетімен бірге меморандум жасады. Меморандумды аталған университеттің басқарма мүшесі, академиялық істер жөніндегі І проректоры Жәутіков Бақыт Ахатұлы бірде қолдап,  арнайы қос тараптың өтініші бойынша мамандандырылған лицеймен келісімге келді. 
Енді алдағы уақытта қос тарап бір-бірлерімен тәжірибе алмасып, көптеген жобаларды іске асырады.
Биылғы оқу жылындағы алғашқы меморандумымыз өз нәтижесін береді деп сенім білдіреміз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: