2022-2023 оқу жылында үздік нәтиже көрсеткен 8-10 сынып оқушылары жазғы лагерьге қатысып қайтты. » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2022-2023 оқу жылында үздік нәтиже көрсеткен 8-10 сынып оқушылары жазғы лагерьге қатысып қайтты.
10
июль
2023

2022-2023 оқу жылында үздік нәтиже көрсеткен 8-10 сынып оқушылары жазғы лагерьге қатысып қайтты.

     Алматы қаласы «Пікірсайыс кеңсесі» маусым айының 26-30 аралығында пікірсайыс қозғалысына белсенді түрде араласып, 2022-2023 оқу жылында үздік нәтиже көрсеткен 8-10 сынып оқушыларына арналған жазғы лагерь ұйымдастырды.
    Лагерьге  №178 мамандандырылған лицейдің 10-сынып оқушысы «Алаш жастары» пікірсайыс клубының президенті Орынбасарқызы Ботакөз және 8-сынып оқушылары Базылов Арлен мен Шендібай Асанәлі қатысты.
Лагерьде:
1. Пікірсайыс бойынша тереңдетілген  тренингтер мен Алматының үздіктері арасындағы мини турнирлер өтті.
2. Спорттық-сауықтыру ойындары мен қызықты квесттер ұйымдастырылды.
3. Оқушылар Алматы қаласындағы басқа да пікірсайыстағы үздік оқушылармен араласып, «Пікірсайыс кеңсесі» мен «Оқушылар сарайының» бейресми командасына қосылу мүмкіндігін алды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: