ҚР ОАМ «Дарын» РҒПО 2023-2024 оқу жылына мамандандырылған білім беру ұйымдарының 5, 6, 7, 10 – сыныптарына қабылдауды жүзеге асырады. » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚР ОАМ «Дарын» РҒПО 2023-2024 оқу жылына мамандандырылған білім беру ұйымдарының 5, 6, 7, 10 – сыныптарына қабылдауды жүзеге асырады.
03
февраль
2023

ҚР ОАМ «Дарын» РҒПО 2023-2024 оқу жылына мамандандырылған білім беру ұйымдарының 5, 6, 7, 10 – сыныптарына қабылдауды жүзеге асырады.

ҚР ОАМ «Дарын» РҒПО 2023-2024 оқу жылына мамандандырылған білім беру ұйымдарының 5, 6, 7, 10-сыныптарына қабылдауды жүзеге асырады.
Негіздеме: «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығы.
Құжаттарды онлайн - тіркеу және қабылдау 2023 жылғы 1 ақпан мен 15 сәуір аралығында https://qabyldau.daryn.kz сайтында жүргізіледі.
Мамандандырылған білім беру ұйымы:
▪️ «Мың бала» ауыл мектептерінің ұлттық зияткерлік олимпиада жеңімпаздары үшін 7-сыныпқа қабылданатын білім алушылардың жалпы санынан 10% мөлшерінде және халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 5, 6, 7 және 10-сыныптарға қабылданатын білім алушылардың жалпы санынан 15% мөлшерінде квоталарды бекітеді.
Қабылданатын білім алушылардың жалпы санынан 15% мөлшерінде іріктелетін халықтың әлеуметтік осал топтарына:
▪️ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын ауылдық жерден шыққан отбасының балалары;
▪️ ата-аналарының біреуі бірінші топтағы мүгедектігі бар отбасының балалары;
▪️ мүгедек баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған отбасылар;
▪️ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
▪️ отбасыларда тұратын жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
▪️төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан балалар;
▪️экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйінен айырылған отбасыларының;
▪️мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті атқарған кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындалу немесе жүзеге асыру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасыларының балалары жатады.
Конкурс 15 мамыр – 15 маусым аралығындағы кезеңде апта сайын әрбір сенбі-жексенбі күндері өтеді. Қосымша мерзімдерді Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уәкілетті орган келесі оқу жылы басталғанға дейін белгілейді.
Тіркелу сілтемесі парақшамыздың профилінде көрсетілген.
#МББҰіріктеуКонкурсы #ДарынРҒПО #РНПЦДарын #ПриемВсоо #МББҰқабылдау

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: