23
январь
2023
Лицейде "Бала тәрбиесінің отбасындағы құндылығын арттыру" такырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.
№178 мамандандырылған лицейде "Бала тәрбиесінің отбасындағы құндылығын арттыру" такырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Күн тәртібіндегі мәселелер толыққанды қарастырылды, атап айтқанда профориентолог, коуч, СДУ қабылдау комиссиясының төрағасы Омарбек Көшкімбайұлы "Балам бақытты болсын десеңіз…" тақырыбында ата-аналарға кәсіби кеңес берді; лицей ДОІЖО Есмолдаева Жанар Рысқұлбекқызы І жартыжылдық бойынша дарынды балалармен атқарылған жұмыс бойынша "Дарынды ұрпақ – дара тұлға" тақырыбында есеп жасады; лицей психологы Темирова Фатима Сейфулмаликовна "Бала өмірі – басты құндылық" атты психологиялық тренинг жүргізді; лицей ДОІЖО Дәулетбаева Гулнафис Абатқызы "Тәрбиенің ең тамаша мектебі – Отбасы!" тақырыбында медиабілім беру технологиясымен панельдік сессия жүргізді. Кері байланыс барысында ата-аналар өз ризашылықтарын білдірді.