«Алматы БАЛАFEST» балалар фестивалі өткізілді. » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Алматы БАЛАFEST» балалар фестивалі өткізілді.
13
май
2022

«Алматы БАЛАFEST» балалар фестивалі өткізілді.

Алматы қаласы білім басқармасының ұйымдастыруымен «Алматы БАЛАFEST» балалар фестивалі өткізілуде. Фестиваль аясында робототехника және бағдарламалық жобалар бойынша ІТ-Хакатон байқауына №178 мамандандырылған лицейдің дарынды шәкірттері де өз үлесін қосуда. Ағымдағы жылдың 13 мамыр күні ІТ-Хакатон байқауының лицейішілік кезеңі өтті. Жалпы 2 команда өзара бақ сынасып, роботехника саласында шын мықтыны анықтады.
ІТ-Хакатон байқауының ережесіне сәйкес, «Сумо, Мини Сумо, Сызықтық жарыс, Кегельринг-квадро және Бағдарламалық жоба» секциялары бойынша роботтар өзара додаға түседі. Байқаудың аудандық кезеңінде лицейіміздің намысын қорғайтын шәкірттеріміз:
- «Сызықтық жарыс» секциясынан - Тастанбек Әділ
- «Кегельринг-квадро» секциясынан – Қайрат Нариман
- «Мини-Сумо» секциясынан – Миракбаров Райымбек, Құрман Еркөкше, Төлеген Диас, Ахмет Даурен қорғайды.
Жаста болса, талантты оқушыларымызға сәттілік тілеп, тек жеңісті сәттері көп болсын деп тілейміз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: