7 Мамыр - Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 7 Мамыр - Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
07
май
2022

7 Мамыр - Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

        Құрметті, №178 мамандандырылған лицейдің айбарлы ағайлары мен қайсар ер балалары!!!
   Сіздерді келіп жеткен 7 Мамыр - Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! "Елді қорғау - ерге міндет" дегендей, ел үшін, жер үшін, Отан үшін, халық үшін абыройлы қызмет етулеріңізге тілектеспіз.
Айбынымыз асқақ, рухымыз мықты, текті азаматтардың қатарында болайық. Өздеріңіздің жақындарыңызға қорған болып, қолдау көрсетіп жүре беріңіздер! Еліміздің лайықты, тұлғалы азаматтарының қатарынан болайық. Алдыңғы буын ағаларымыз жол сілтеп, ізетті інілеріміз қолғанатымыз болсын. Лицейіміздің ер балалары болашақта көк туымызды бейбіт күннің көгінде желбіретіп, гимнімізді әр түрлі бағытта биік мінбелерде шырқата берсін. Елді қорғау, оған қызмет ету - Міндет, Абырой, Ерлік!
Құрметпен, №178 мамандандырылған лицейдің әкімшілік құрамындағы ер азаматтары атынан.
Мамандандырылған лицейдің директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кутумов Берік Нәбиұлы
Директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары Баймұратов Әлібек Қыдырқожаұлы
Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Құрмансейітов Бауыржан Абайұлы
Директордың педагогикалық қосымша білім беру жөніндегі көмекшісі Ғабит Аянбек және лицей тәлімгері Тілеужан Әбілқайыр.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: