"Жануарлардың жүйке жүйесінің типтері" тақырыбында ашық сабақ өткізілді » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Жануарлардың жүйке жүйесінің типтері" тақырыбында ашық сабақ өткізілді
08
февраль
2022

"Жануарлардың жүйке жүйесінің типтері" тақырыбында ашық сабақ өткізілді

Жаратылыстану кафедрасының онкүндігі аясында №178 мамандандырылған лицейдің биология пәні мұғалімі Айдарова Айдана Берікқызы 7 "Ә" сыныбымен "Жануарлардың жүйке жүйесінің типтері" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың ұйымдастыру кезеңіндегі сәлемдесу тренингі оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ерекше атмосферада басталды. Сынып бөлмесі әсемделген әуедегі шарларға ілінген суреттер өткен сабақты еске түсірді. "Төңкерілген сынып" технологиясы тиімді жүзеге асты. Оқушылар сабақ барысында белсенді болды. Мұғалім сабақ тақырыбына сай оқу мақсатын, бағалау критерийлерін және әр тапсырмаға сай дескрипторларды жүйелі ұсынып, іс-жүзінде нәтижелі жүзеге асты. Сыныпта жеке, топтық жұмыстарды орындату арқылы оқушылардың жауапкершілігін, уақытты тиімді пайдалану дағдысын, сыни сұрақтар қою арқылы сын тұрғысынан ойлауын дамыту және әр тапсырмада пайдаланған платформалар мен қосымшалар арқылы ақпараттық-технологиялық қабілеттерін арттыру жұмысын жүзеге асыра білді. Оқушылардың өзін-өзі және өзара бағалау жұмысы мұғалім жетекшілігі негізінде шынайы жүзеге асты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: