2-7 сынып оқушылары арасында XVI қалалық «Зерде» ғылыми-зерттеу конкурсы өткізілді. » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2-7 сынып оқушылары арасында XVI қалалық «Зерде» ғылыми-зерттеу конкурсы өткізілді.
28
январь
2022

2-7 сынып оқушылары арасында XVI қалалық «Зерде» ғылыми-зерттеу конкурсы өткізілді.

2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» республикалық конкурснының қалалық кезеңі өткен болатын. Ғылым мен білімнің тоғысқан додасына №178 мамандандырылған лицейден жалпы 20 оқушы қатысып, 11 оқушы жүлделі орынға ие болды. Атап айтқанда, І дәрежелі дипломмен Ерсайын Айым, Файзрахман Расул, Бисенқали Әділет, Мелс Шерхан және Бектас Ади марапатталды. Жүлделі ІІ орынды Әлібек Айтолқын мен Баходиров Мустафа иеленсе, ІІІ орынды Скакова Аяжан, Бақдаулет Қуат, Халмет Елдар және Ержан Бақжан жеңіп алды. 
Ғылым мен білімді ұштастыра білген ұшқыр ойлы ізденімпаздарымыздың жетістіктері көп, алар асулары биік болсын!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: