"11 сынып оқушыларын қорытынды аттестаттаудың ерекшеліктері" және "Электрондық форматтағы ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу" туралы ақпараттармен танысты » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "11 сынып оқушыларын қорытынды аттестаттаудың ерекшеліктері" және "Электрондық форматтағы ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу" туралы ақпараттармен танысты
24
апрель
2021

"11 сынып оқушыларын қорытынды аттестаттаудың ерекшеліктері" және "Электрондық форматтағы ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу" туралы ақпараттармен танысты

N178 мамандандырылған лицейде 23 сәуір күні 2020-2021 оқу жылында 11 сыныпты бітіруші түлектер мен олардың ата-аналары үшін "11 сынып оқушыларын қорытынды аттестаттаудың ерекшеліктері" және "Электрондық форматтағы ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу" туралы ақпараттармен таныстыру, түсініктеме жұмыстары жүргізілді.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Л.Е.Амалбекова қорытынды аттестаттаудың биылғы жылдағы ерекшеліктері туралы, пәндер бойынша тапсырмалардың мазмұны, оқушылардың жұмыстарын тексеру кезінде қойылатын талаптар мен критерийлері туралы мәлімет берді.
Сонымен қатар, биыл алғаш рет электрондық форматта "бір тестіленуші - бір компьютер - бір камера" қағидасы бойынша өткелі отырған ҰБТ ерекшеліктері, талаптары мен ережелері таныстырылды.
Осы орайда лицей басшысы К.Х.Шадиев бітіруші түлектер мен ата-аналарды толғандырған сұрақтарға жеке тоқталып, толыққанды жауап берді.
Түлектеріміздің жоғары нәтиже көрсететініне сенім білдіре отырып, сәттілік серіктері болсын!!!



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: