"Бұрымды Ару" сайысы » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
апрель
2021

"Бұрымды Ару" сайысы

Мамандандырылған лицейдің тәлімгері Әбілқайыр Әлімбай және "Ел жастары" өзін-өзі басқару ұйымының бастамасымен, сәуір айының жиырма алтысы күні 9-сынып қыздарының арасында
"Бәрін айт, бірін айтта лайықсың,
Қазақтың қызы деген ғажап атқа!" тақырыбында іс-шара өткізіледі.
Енді сайысқа қатысатын бұрымды аруларымызды таныстырамыз;
1. 9 "А" сынып оқушысы - Инсенова Еркежан
2. 9 "Ә" сынып оқушысы - Жанелдин Құралай
3. 9 "Б" сынып оқушысы - Өмен Меруерт
4. 9 "Г" сынып оқушысы - Тұралық Зере
5. 9 "Д" сынып оқушысы - Мұратқызы Еркежан
6. 9 "Е" сынып оқушысы - Нұрлан Еркежан
7. 9 "З" сынып оқушысы - Маратова Аяжан
"Шын мықтыға тұсау жоқ" дегендей, лицейімізде тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған "Бұрымды Ару" сайысының алғашқы жеңімпазы кім болады?
Жеңімпаз болуға қай аруымыз лайықты?
Ендеше лицейіміздің ибалы, инабатты, білімді, тәрбиелі, бұрымды аруын алдағы уақытта біле жатамыз.
Сайысқа қатысуға бел буған Ару қыздарымызға сәттілік пен жеңіс тілейміз.
Шын мықты жеңіп шықсын!
Жеңімпаз аруымызға "ТӘЖ" кигізіліп, "Бұрымды Ару" номинациясы бойынша марапатталады. Сондай-ақ орын алған басқа да жүлдегерлеріміз әртүрлі номинацияларға ие болып, барлық қатысушыларға лицей директорының мадақтамасы табыс етіліп, лента тағылады.
__________________________________
Қыз тәрбиесі - ұлттың тәрбиесі!
Қыздың сұлулығы - қылығымен,
Көбісіне үлгі болар бұрымымен!


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: