Материалы за Сентябрь 2022 года » Страница 3 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Сентябрь 2022 года » Страница 3
6-11 сыныптар арасында «М.Әуезовтің 125 жылдық мерейтойы» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді
23
сентябрь
2022
6-11 сыныптар арасында «М.Әуезовтің 125 жылдық мерейтойы» тақырыбында
N178 мамандандырылған лицейде 6-11 сыныптар арасында «М.Әуезовтің 125 жылдық мерейтойы» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: окушыларға М. Әуезовтің өмір жолы шығармашылық қызметі жайлы мағлұмат бере отырып, жазушының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі туралы оқушылардың білімдерін жетілдіру. М.Әуезовтің қаламынан туындаған көркем әдебиет туындылары жайлы білімдерін қалыптастыру.
"Ел жастары" клубының алғашқы жиналысы өткізілді
22
сентябрь
2022
"Ел жастары" клубының алғашқы жиналысы өткізілді
    Құрылғанына үш жылдан астам уақыт болған лицейіміздің жанынан құрылған "Ел жастары" клубының құрамына жаңа оқушылар қосылып, алдағы уақытта бірлесе жұмыс істеуге уағдаластық. Осы уақытқа дейін құрамда ерекше белсенді оқушылар клубқа жаңадан қосылған оқушыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ биыл лицейімізге жаңадан келген оқушылармен де танысып, пікір алмасып, лицейдің қоғамдық жұмыстарына ат салысуға шақырды.
Лицейде қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының айлығының жоспары кезекті кафедра отырысында талқыланды.
21
сентябрь
2022
Лицейде қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының айлығының жоспары
 №178 мамандандырылған лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының айлығының жоспары кезекті кафедра отырысында талқыланды .
Жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты интеллектуалдық конкурстың аудандық кезеңі өтті.
20
сентябрь
2022
Жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты интеллектуалдық
2022 жылы 19 қыркүйек күні жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты V республикалық интеллектуалдық конкурсының аудандық кезеңі өтті. Зияткерлік байқауға қатысқан №178 мамандандырылған лицей оқушылары: 1) Сайлаубек Нұрай - «Кішкентай Отанымның символы» номинациясы, 2-орын; 2) Копжанова Аружан - «Менің туған өлкем» эссе номинациясы, 1-орын; 3) Серікқызы Жанар - «Менің кішкентай Отанымның тарихы» бейне-репортаж номинациясы бойынша Бас жүлдені жеңіп, қалалық кезеңге жолдама алды. Дарынды
6-11 сынып оқушылары арасында жекеленген пәндерден кіріс бақылау алынуда
20
сентябрь
2022
6-11 сынып оқушылары арасында жекеленген пәндерден кіріс бақылау
№178 мамандандырылған лицейде жыл сайын оқушылардың білім сапасын анықтау, өткен мәліметтерді жетік меңгеру, қатемен жұмыс жасау қабілеттерін анықтау мақсатында 6-11 сынып оқушылары арасында жекеленген пәндерден кіріс бақылау алынып отырады. 2022-2023 оқу жылы 20-26 қыркүйек күндері кезекті кіріс бақылау өтеді. Білім шыңына жетуге талпынған жас өркендерімізге сәттілік тілейміз!
6-11 сынып оқушылары "Арман қала–Алматы" тақырыбында эссе  жазды.
19
сентябрь
2022
6-11 сынып оқушылары "Арман қала–Алматы" тақырыбында эссе жазды.
Қала күніне орай N178 мамандандырылған лицейдің 6-11 сынып оқушылары "Арман қала–Алматы" тақырыбында эссе жазды. Мақсаты: оқушыларға Алматы қаласының тарихы жайында түсінік беру. Өз елін, жерін сүйетін, өз елінің азаматы ретінде қаланың дамып, өркендеуіне үлес қосатын азамат етіп тәрбиелеу.