Материалы за Ноябрь 2018 года » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» атты мерекелік кеш өтті.
30
ноябрь
2018
«Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» атты мерекелік кеш өтті.
№178 лицейде ҚР Тұңғыш Президенті күнін тойлауға арналған «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» атты мерекелік кеш өтті. Мерекелік шарада оқушылар өнерлерін ортаға салып, қызықты кеш ұйымдастырып, өздерін басқа қырларынан жақсы көрсете білді. Бұл мерекенің маңызы өте жоғары. Себебі, елімізді қиын қыстау кезеңнен алып шыққан Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтай ұлт көшбасшысының еңбегі ерен. Оны өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттауымыз керек!
«Ұлы даланың Жеті қыры» атты Елбасының мақаласы талқыланды.
30
ноябрь
2018
«Ұлы даланың Жеті қыры» атты Елбасының мақаласы талқыланды.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Ұлы даланың Жеті қыры» атты мақаласын жариялаған болатын. Осыған орай №178 лицейде мұғалімдерінің қатысуымен талқылау өткізілді. Түптеп келгенде Елбасы нақтылап өткен Ұлы даланың Жеті қырының әрқайсысы әр қазақстандықтың өткеніне үңілуі, қоғамның дамуына қосқан үлесін ой таразасына салуын көздейді. Жалпыұлттық «Рухани жаңғыру» бағдарламасы өткенімізге оң көзқараспен қарауды, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуге үлес қосса, Ұлы даланың Жеті қыры ұлттық сананың оянуына,
«Тұңғыш Президент мұражайы»
30
ноябрь
2018
«Тұңғыш Президент мұражайы»
30 қараша күні «Тұңғыш Президент мұражайына» Алатау ауданының білім бөлім басшысы Касымбекова Айгүл Жумабековна мен аудан мектептерінің директорлары келіп, саяхат соңынан алған әсерімен ой бөлісіп, қолтаңбаларын қалдырды.
«Президент мұражайына» саяхат
29
ноябрь
2018
«Президент мұражайына» саяхат
Тұңғыш Президент күніне орай №178 лицей оқушылары мен Алатау ауданы мектептерінің оқушылары 29,30 қараша күндері №178 лицейде 2012 жылы ашылған «Президент мұражайына» саяхат жасап, көрме тамашалап президенттің өмір жолымен танысты.
1 желтоқсан – дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күні
29
ноябрь
2018
1 желтоқсан – дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күні
1 желтоқсан – дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күніне орай №178 лицейде Жас Ұлан ұйымының ұйымдастыруымен акция өткізілді. Акция - оқушылар арасында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу шаралары мен салауатты өмір салтын насихаттау және жауапты мінез құлық қалыптастыру мақсатында өтті.  
«Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу» мектепішілік кәсіби даму курсы өз жұмысын бастады.
29
ноябрь
2018
«Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу» мектепішілік кәсіби даму курсы өз
Лицейімізде 19 қарашадан бастап Курсты жүргізуші тренер Айдарова Айдана Берікқызы. Педагог кадрлардың кәсіби даму курсының оқу үдерісін реттеудегі рөлі зор. Курс Сабақты зерттеу және Іс-әрекеттегі зерттеу үдерістерін зерделеуге бағытталған. Курстың мақсаты: Сабақты зерттеу және Іс-әрекеттегі зерттеу тәсілдерін іске асыру шеңберінде мұғалімдердің зерттеу дағдыларын дамытуға көмектесу. Сабақты зерттеу және Іс-әрекеттегі зерттеу үдерістерінің әрбір сатысын зерделеу. Нәтижесінде, мұғалімдер өз
Алатау ауданының мектептері арасында тоғызқұмалақтан жарыс өтті.
28
ноябрь
2018
Алатау ауданының мектептері арасында тоғызқұмалақтан жарыс өтті.
Қосымша білім беру ұйымдарының құрылғанына 100 жыл толуына және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай Алатау ауданының мектептер арасында өткен тоғызқұмалақ жарысына қатысқан №178 лицей оқушысы Мұхитов Ержігіт І орын иеленсе, жалпы команда бойынша лицейіміз І орын иеленді. Чемпион атанған оқушы қалалық жарысқа жолдама алды.
"Елін сүйген-Елбасы" аты тәрбие сағаттары
28
ноябрь
2018
"Елін сүйген-Елбасы" аты тәрбие сағаттары
Алматы қаласы, Алатау ауданы №178 лицейде, «1 желтоқсан-Тұңғыш Президент күніне» орай, "Елін сүйген-Елбасы" атты 5-11 сыныптар арасында тәрбие сағаттары өткізілді.
ХI Президенттік олимпиада өтті.
28
ноябрь
2018
ХI Президенттік олимпиада өтті.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес және Білім және ғылым министрлігінің 2014 жылғы 13 қарашадағы №465 бұйрығын орындау мақсатында 2018 жылдың 13-16 қараша аралығында Теміртау қ. Қарағанды мемлекеттік индустриалды университетінде жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша өткен ХI Президенттік олимпиадаға №178 лицейдің 11 сынып оқушысы Ратбек Жалғас қатысып, жүлделі ІІІ орын иеленді.