Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
март
2026

"Дұрыс тамақтануды насихаттау"

Лицейдің 10-шы сынып оқушыларымен «Дұрыс тамақтануды насихаттау» мақсатында «Фасфудтың зияны» тақырыбында сынып сағаты болды. Дұрыс тамақтану — денсаулықтың негізі, ал фастфуд (гамбургер, пицца, картоп фри) — жоғары калориялы, май мен тұзға толы, артық салмаққа, қант диабетіне, жүрек-қан тамырлары ауруларына және ас қорыту жүйесінің бұзылуына әкелетін зиянды тағам екеніне дәлелдер келтіре отырып түсіндірілді. Олардың орнына үй тағамын, көкөніс, жеміс-жидек және табиғи сусындарды (айран, қымыз) тұтыну денсаулықты сақтайтыны туралы түсіндірілді. Денсаулығыңызды сақтау үшін әрбір тағамды саналы түрде таңдап, зиянды өнімдерден арылу қажеттігі айтылды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: