Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Сентябрь 2023 года » Страница 5
Тілдер мерекесіне орай “Тіл тағдыры - ел тағдыры” атты зияткерлік сайыс өтті.
13
сентябрь
2023
Тілдер мерекесіне орай “Тіл тағдыры - ел тағдыры” атты зияткерлік
Тілдер мерекесіне орай қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сатбаева Р.С.  «Тіл тағдыры - ел тағдыры»  атты зияткерлік сайыс өткізді. Сайыс командылық топта 8 "Б", 8 "Д", 8 "Ғ", 8 "З" сыныптары арасында өтілді.  Сайыста  оқушылардың білімділіктері, дүниетанымдары, жан-жақты ізденіс, талпыныс мүмкіндіктері көрінді. Сөйлеу дағдысы, тіл мәдениетінде нақты жауап беру ұшқырлығы сыналды. Бірін-бірі тыңдап, бағалайтындары да байқалды. Жеңімпаз топ анықталып,   лицей директорының мақтау қағазы
“Отбасы-асыл қазынам” атты ашық сынып сағаты өткізілді.
12
сентябрь
2023
“Отбасы-асыл қазынам” атты ашық сынып сағаты өткізілді.
     2023 жылдың 12 қыркүйек күні №178 мамандандырылған лицейде Отбасы күніне орай 9 «Д» сыныбында “Отбасы-асыл қазынам” атты ашық сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: оқушыларға отбасының адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, ата -анаға, үлкендерге құрмет көрсету, білім мен тәрбиені ұштастыра білуге шақыру.
Тілдер мерекесіне орай “Brain ring” атты интеллектуалды жарысы өткізілді.
12
сентябрь
2023
Тілдер мерекесіне орай “Brain ring” атты интеллектуалды жарысы
✅ Қыркүйек айының 12-күні “Мемлекеттік тіл - Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл” атты тілдер мерекесі аясында 8-сыныптар арасында ағылшын тілі пәні мұғалімі Айтбагамбетова С. Д. ұйымдастыруымен “Brain ring” атты интеллектуалды жарысы өткізілді.  📗Бәйгеге түскен 8-сынып оқушыларынан құралған топ мүшелері 7 деңгейлі тапсырмаларды орындап,  ақшалай сыйлық және арнайы дипломдармен марапатталды.💐 ⭐І орын - 8”Б” сыныбы, ⭐ІІ орын - 8”Ә” сыныбы, ⭐ІІІ орын - 8”Г” сыныбы иеленді.  
Тілдер мерекесіне орай «Қанша тіл білсең, сонша рет адамсың» атты лицейішілік дебат сайысы өтті.
12
сентябрь
2023
Тілдер мерекесіне орай «Қанша тіл білсең, сонша рет адамсың» атты
📒"Қанша тіл білсең, сонша рет адамсың" тақырыбымен "Тілдер мерекесіне" орай, қыркүйек айының 12-күні 10-11 сыныптар арасында лицейішілік Дебат сайысы өтті⭐ Сайыс барысында тілге байланысты өзекті мәселелер талқыланды. ✅4 топтан құрылған дебаттық ұйымдардың арасынан "Best Speaker" анықталып, әділ-қазының шешімімен, 💫1-орынды "Fiction" тобы, 💫2-орынды "Space" тобы иеленіп, арнайы мақтау қағаздарымен марапатталды 👍 Жетекшілері: Досқожаева Н.Е., Ауельбекова А.
Отбасы күніне орай «Эрудит» дебат клубы «Семья – отражение жизни» тақырыбында  дебат өткізді.
12
сентябрь
2023
Отбасы күніне орай «Эрудит» дебат клубы «Семья – отражение жизни»
2023 жылы 12 қыркүйекте Отбасы күніне орай «Эрудит» дебат клубы «Семья – отражение жизни» тақырыбында  дебат өткізді. Клуб спикерлері мен қатысушылар өз пікірлері мен дәлелдерін келтіре отырып, өмірмен байланыстыра мысалдар келтірді. Дебат тартысты өтті. Қатысушылар жоғары белсенділік танытып, қызықты ойын көрсете алды. 
7-11 сынып оқушыларына директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары лицейдің ішкі тәртібімен таныстырды.
11
сентябрь
2023
7-11 сынып оқушыларына директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары
№178 мамандандырылған лицейде 7-11 сынып оқушыларына директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары лицейдің ішкі тәртібімен таныстырды.
«Тұран» университетінің студенттік лигасы «SIRIUS» интелектуалды дебат клубы мен лицейіміздің «Алаш жастары» дебат клубы арасында келсімшарт жасалды.
11
сентябрь
2023
«Тұран» университетінің студенттік лигасы «SIRIUS» интелектуалды
     2023 жылдың 11 қыркүйегінде  «Тұран» университетінің студенттік лигасы «SIRIUS» интелектуалды дебат клубы мен лицейіміздің «Алаш жастары» дебат клубы арасында келсімшарт жасалды. Келісімшарт  негізінде №178 мамандандырылған  лицей  дебат клубы ресми түрде «SIRIUS» интелектуалды дебат клубының мектеп лигасы болып табылады. Мақсаты: лицейіміздің дебат клубының жұмысын жандандыру.