Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Лицейіміздің биылғы түлектері "Майталман маман иесі бол, Дұрыс таңдау жаса!" тақырыбында эссе жазды.
27
сентябрь
2023
Лицейіміздің биылғы түлектері "Майталман маман иесі бол, Дұрыс таңдау
    Лицейіміздің биылғы түлектері - 11-сынып оқушылары мамандық таңдау мақсатында "Майталман маман иесі бол, Дұрыс таңдау жаса!" тақырыбында эссе жазды.  Мақсаты: 11-сыныпқа қадам басқан оқушыларға алдын ала маңызды ақпараттарды беріп, олардың мамандық таңдауына ықпал ету. Сондай-ақ эссе оқушылардың қандай мамандықтарға сұранысы жоғары екенін анықтау мақсатында алынды.
Лицей оқушылары кәсіби бағдар беру бойынша "Alpha Academy" білім беру орталығы ұйымдастырған форумға қатысты.
27
сентябрь
2023
Лицей оқушылары кәсіби бағдар беру бойынша "Alpha Academy" білім беру
     Лицей оқушылары "Alpha Academy" білім беру орталығы ұйымдастырған оқушыларға кәсіби бағдар беру, әлемнің үздік университеттеріне қалай грантқа түсу, пәндік олимпиадаларда қалай жеңімпаз атану, т.б. бағытта Алматы қаласының оқушыларымен өткен форумға қатысты. Белсенді шәкірттеріміз академияның арнайы сыйлықтарымен марапатталып, маңызды ақпараттармен ой бөлісті.      Кең көлемде шараны өткізгені үшін ұйымдастыру алқасына өз алғысымызды білдіреміз!
Лицейдің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы бақылау жұмысын жүргізді
27
сентябрь
2023
Лицейдің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы бақылау
    «№178 мамандандырылған лицей» КММ-нің асханасына мониторинг жұмысын жүргізу жөніндегі комиссия мүшелері  кезекті тексеру жұмыстарын қыркүйек айының 27-і күні жүргізді. Мониторинг комиссия мүшелерінің тексеруі кезінде, ас блогындағы, асхана жұмысының ұйымдастырылуы, тамақ өнімдерінің сапасы, оларды тасымалдау, сақтау шарттары, тамақ дайындау сапасы, ас блогы қызметкерлерінің жеке гигиеналық ережелерін сақтауы бойынша тексеріс жасалды.  Күнделікті ас мәзірі талапқа сай бекітілген. Ас мәзірі
«Қарты бар үйдің, қазынасы бар!» атты сурет көрмесі өткізілді.
27
сентябрь
2023
«Қарты бар үйдің, қазынасы бар!» атты сурет көрмесі өткізілді.
     2023 жылдың 27 қыркүйегінде көркем еңбек пәні мұғалімінің ұйымдастыруымен «Қарты бар үйдің, қазынасы бар!» атты сурет көрмесі өткізілді. Көрмеге 7-8 сынып оқушылары өз туындыларын ұсынып, ашықхаттар дайындады.