«Тұран» университетінің «SIRIUS» интелектуалды дебат клубы
📚Лицей оқушыларының белсенді азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру, өскелең ұрпақ арасында өзін-өзі білім қажеттілігін дамыту, шешендік өнерге үйрету мақсатында Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы Дебат қозғалысы фракциясы бойынша 3 тілде дебат клубтары жұмыс жасауда. Соның ішінде, екіжақты келісімшарт негізінде «Тұран» университетінің студенттік лигасы «SIRIUS» интелектуалды дебат клубы лицейіміздің «Алаш жастары» дебат клубымен бірлесе лицей оқушыларына көрсетілім-ойын өткізді.