"Кітапханаға — кітап сыйла" атты акциясы өтіп жатыр.
Лицейімізде кітапхана меңгерушісінің жұмысына қолдау көрсету және лицей оқушыларын кітап оқуға шақыру, олардың зейінін ашу мақсатында "Кітапханаға — кітап сыйла" атты акциясы өтіп жатыр. Осы орайда лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы аталған эстафетаны өзі бастап, өз атынан аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, қазақтың аңыз, абыз ақсақалы — Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың "Өмір және еңбек шежіресі" кітабының 5 данасын, ақиық ақын Мұқағали