Білім күніне арналған «Мектебім - мейірім мекені» атты салтанатты
2023 жылдың 1 қыркүйегінде Алматы қаласы Алатау ауданы №178 мамандандырылған лицейде білім күніне арналған «Мектебім - мейірім мекені» атты салтанатты жиын өтті. Жиын шымылдығын домбырашылар мен бишілерден құралған лицей өнерпаздары ашса, лицей директоры К.Х.Шадиев лицей оқушылары мен ата-аналарды, ұстаздарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, ыстық лебізін білдірді. Салтанатты жиын барысын талантты әрі дарынды оқушылардың ән-биден шашуына, білім зымыранын ұшыру мен алғашқы қоңырау