«БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ» ЖОБАСЫ БОЙЫНША КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ЖАСАЛДЫ.
📚«БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ» ЖОБАСЫ БОЙЫНША КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ЖАСАЛДЫ 📌Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өткен ұлттық құрылтайда «Балалар кітапханасы» атты жаңа бағдарламаны жүзеге асыруды тапсырған болатын. 📖Осыған байланысты Оқу-ағарту министрілігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасында «Балалар кітапханасы» бағдарламасына ұсынылатын кітаптардың тізімі жасақталды. Оған қазақ әдебиеті тарихының барлық дәуірі мен кезеңін, жанрлық бағытын қамтитын 1770 шығарма енді.