Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Март 2023 года » Страница 2
«Жаратылыстану – өмір тану, табиғаттың сырын табу» тақырыбында жаратылыстану кафедрасының айлығының салтанатты ашылуы өтті.
29
март
2023
«Жаратылыстану – өмір тану, табиғаттың сырын табу» тақырыбында
2023 жылдың 29 наурызында «Жаратылыстану – өмір тану, табиғаттың сырын табу» тақырыбында жаратылыстану кафедрасының айлығының салтанатты ашылуы өтті. Ашылу салтанатын ұйымдастырушы химия пәнінің мұғалімдері Бақытжан Нұргүл, Жұмабай Фатима, Тәліп Марал оқушылардың іскерлігін және дағдыларын ойын үлгісінде көрсету мақсатында биология, химия, география пәндері саласындағы білім жәрмеңкесін ұйымдастырды. Сайыста оқушылар тапсырмаларды орындау арқылы «ФИШКА» жинап, әр дұрыс жауапқа алған фишка
Алматы қаласы V жас математика мұғалімдеріне арналған шығармашылық байқау өткізілді.
29
март
2023
Алматы қаласы V жас математика мұғалімдеріне арналған шығармашылық
Қазақстан математика мұғалімдер қауымдастығының ұйымдастыруымен өткізілген Алматы қаласы V жас математика мұғалімдеріне арналған шығармашылық байқауда №178 мамандандырылған лицейдің математика пәнінің мұғалімдері Әділбеков Ермұрат Нұрғанымұлы, Рахымбекұлы Досжан ІІ орын иеленді. Марапаттарыңыз құтты болсын!
«Оқу-тәрбие үдерісінің өзара әрекеттестігін ұйымдастырудың тиімді жолдары» тақырыбында қалалық семинар-практикум өткізілді.
28
март
2023
«Оқу-тәрбие үдерісінің өзара әрекеттестігін ұйымдастырудың тиімді
  Алатау ауданы Білім бөлімінің қолдауымен №178 мамандандырылған лицейде «Оқу-тәрбие үдерісінің өзара әрекеттестігін ұйымдастырудың тиімді жолдары» тақырыбында қалалық семинар-практикум өткізілді. Семинар-практикумға Алматы қаласы Алатау, Бостандық, Наурызбай аудандарының білім беру мекемелерінің басшылары қатысты.   Іс-шараның салтанатты ашылуында лицей директоры К.Х. Шадиев «Лицейдің жаңару мен даму жолдары» тақырыбында баяндама жасап, 10 жыл тарихы бар білім мекемесінің он белесті қадамын
«Ғарыш қырандары» тақырыбында  сынып сағаттары өткізілді.
28
март
2023
«Ғарыш қырандары» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
N178 мамандандырылған лицейде 6-11 сынып оқушыларына «Ғарыш қырандары» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: тарихқа шолу жасай отырып, оқушыларға «ғарыш» туралы мағұлмат беру, ғарышқа ұшу туралы ғылымның негізін қалаған ғалымдармен таныстыру және ғарышкерлердің ғарышқа ұшуға дайындықтарына тоқталып, қазақ ғарышкерлерімен таныстыру.
Лицей оқушылары XVIII Республикалық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаның жүлдегері атанды.
27
март
2023
Лицей оқушылары XVIII Республикалық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен
2023 жылдың 16-18 наурыз аралығында Щучье қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында 2-7 сынып оқушыларына арналған XVIII Республикалық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының қорытынды кезеңі өтті. №178 мамандандырылған лицейдің 6 сынып оқушылары Қайрат Нариман мен Марат Інжу қатысып, жүлделі ІІ орын иегерлері атанды. Жас зерттеушілерімізді бағындырған белестерімен құттықтаймыз!
10-11 сынып оқушыларына арналған “Алтын түлек” олимпиадасының Республикалық кезеңі  өтті.
27
март
2023
10-11 сынып оқушыларына арналған “Алтын түлек” олимпиадасының
10-11 сынып оқушыларына арналған “Алтын түлек” олимпиадасының Республикалық кезеңі Алматы қаласы Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде өтті. Біздің лицейден 12 оқушы қатысып, оның 9️⃣ жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, 🥈 ІІ дәрежелі дипломмен 5️⃣ оқушы, 🥉 ІІІ дәрежелі дипломмен 4️⃣ оқушы марапатталды. 🏆 Дарынды оқушыларымыздың жеткен жетістіктері құтты болсын!  
2022-2023 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың жаратылыстану-математика бағытының қорытынды кезеңі
25
март
2023
2022-2023 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша
2023 жылдың 20-25 наурыз аралығында Шымкент қаласында өткен 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың қорытынды кезеңі өз мәресіне жетті.   №178 мамандандырылған лицейден 2 оқушы қатысып, 2 шәкіртіміз жүлделі орындарды жеңіп алды. Физика пәні бойынша: 🥈 ІІ дәрежелі дипломмен Турлубек Елжас (11 сынып). Математика пәні бойынша:  🥉ІІІ дәрежелі дипломмен Қайса Нуридин (10 сынып). Республика деңгейінде №178 мамандандырылған лицейдің көк байрағын көкке шығарған