Алматы қаласының мамандандырылған лицейлер арасында «Математикалық
2023 жылдың 11 наурыз күні «KEMEL» физика-математика бағытындағы мектептің ұйымдастыруымен Алматы қаласының мамандандырылған лицейлер арасында «Математикалық футбол» олимпиадалық ойын ұйымдастырылды. Жалпы ойынға лицейімізден 15 оқушы қатысты. Олимпиаданың қорытындысы бойынша командалар келесідей нәтижелерді көрсетті: ІІ орын – 6 сыныптар; ІІІ орын – 7-8 сыныптар; ІІІ орын – 9-10 сыныптар ие болды. Лицейіміздің намысын қорғаған оқушыларды жүлделі орын алғандарымен шын жүректен құттықтаймыз!