Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Декабрь 2022 года » Страница 3
Ұлттық бірыңғай тестілеу-2023
20
декабрь
2022
Ұлттық бірыңғай тестілеу-2023
     №178 мамандандырылған лицейде 20.12.2022 жылы 11 сынып оқушыларымен "ҰБТ-2023" тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.А. Байтелиева оқушыларға ҰБТ-ның мақсат, міндеттерін негізге ала отырып, 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өткізілетін ұлттық бірыңғай тестілеу қатысушыларының деректер базасын қалыптастыру, тіркеу бойынша нұсқау берді. Жиналысқа Алматы қаласындағы Ұлттық тестілеу орталығы филиалының сарапшысы - Сыдықбекова Гулнар Шарипбаевна
Лицей директоры Шадиев Қ.Х. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталды.
20
декабрь
2022
Лицей директоры Шадиев Қ.Х. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың
     Тәуелсіздік күні қарсаңында №178 мамандандырылған лицей директоры, Ы. Алтынсарин төсбелгісінің иегері, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, педагог-шебер Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталды. Халықтың кемел келешегі үшін атқарып жатқан еңбегіңіз жемісті болсын! Құттықтаймыз!!!   
«Ағылшын тілі сабағында инновациялық әдіс-тәсілдерді қолданудың жолдары» атты семинар-практикум өтті.
19
декабрь
2022
«Ағылшын тілі сабағында инновациялық әдіс-тәсілдерді қолданудың
«Ағылшын тілі сабағында инновациялық әдіс-тәсілдерді қолданудың жолдары» тақырыбында семинар-практикум өткізілді. Семинарға ҚББЖТҒӘО оқу бөлімі ағылшын тілі пәні әдіскері Петрова Л. Б., АҚШ Мемлекеттік департаментінен келген ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Ричмонд Марисоль қатысты. Семинардың бірінші бөлімінде сабақта қолданылатын белсенді оқу әдістерін, кері байланысты жүргізуді тәжірибеде көрсету үшін, лицейдің пән мұғалімдері арнайы сабақтар көрсетті. Ал семинардың екінші бөлімінде
Сүт өнімдерінің пайдасы
19
декабрь
2022
Сүт өнімдерінің пайдасы
    Ұлттық тағамдардың ішінде ежелгі және көпшілікке ортақ тағамның бірі ақ екені бәрімізге белгілі. «Ағы бардың - бағы бар» деп қазақ халқы сүт тағамын бақыт, несібесі деп білген. Сүтті соншалық қасиеттеудің басты себебі – ол тіршілік арқауы, одан неше алуан құнарлы тағамдар әзірлеп, дастарқан молшылығын жасаған.      Сүт тағамдарынан қымыз, шұбат, құрт, ірімшік, қатық, айран, уыз, май, сүзбе тағы басқаларын күнделікті пайдаланамыз. Бұлардың барлығының да адам денсаулығына тигізер пайдасы мол.
ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауда белсенділік танытқан лицей мұғалімдері Алғыс хатпен марапатталды.
19
декабрь
2022
ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауда белсенділік танытқан лицей
ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі Халықтық коалицияның үгіт-насихат жұмысына белсене атсалысқаны үшін лицей мұғалімдері Б.Н.Кутумов, Ж.З.Абуова және Н.Е.Досқожаева Алғыс хатпен марапатталды.
Лицейдің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы бақылау жұмысын жүргізді
15
декабрь
2022
Лицейдің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы бақылау
      15.12 күні мамандандырылған лицейдің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы бақылау жүргізді. Лицейде оқушыларға берілетін тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін оқушылардың тамақтары талапқа сай берілетіндігіне көз жеткізді.Асхана барлық санитарлық талаптарды орындап, оқушылар үшін тиімді жұмыстарды атқаруда. Алдағы уақытта да лицей әкімшілігі жүйелі жұмыс істеп, оқушыларға тиімді мүмкіндіктерді қарастырады.  
Тәуелсіздік күніне орай "Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік" тақырыбында мерекелік іс-шара болып өтті.
15
декабрь
2022
Тәуелсіздік күніне орай "Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік"
Мамандандырылған лицейде 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай "Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік" тақырыбында мерекелік іс-шара болып өтті. Шара барысында отаны үшін жанын қиған ерлеріміздің тәуелсіздік жолындағы ерліктеріне тағзым етіліп, бейбіт те еркін елдің ұрпақтары патриоттық әндер шырқады. Оқушыларды отансүйгіштікке, ерлік пен қайсарлыққа тәрбиелеуде маңызы зор іс-шара болды.