Тәуелсіздік күніне орай "Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік"
Мамандандырылған лицейде 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай "Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік" тақырыбында мерекелік іс-шара болып өтті. Шара барысында отаны үшін жанын қиған ерлеріміздің тәуелсіздік жолындағы ерліктеріне тағзым етіліп, бейбіт те еркін елдің ұрпақтары патриоттық әндер шырқады. Оқушыларды отансүйгіштікке, ерлік пен қайсарлыққа тәрбиелеуде маңызы зор іс-шара болды.