Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Апрель 2022 года » Страница 4
Ағылшын тілі пәні ұстаздарының арасында қалалық конкурстың жеңімпазы анықталды.
23
апрель
2022
Ағылшын тілі пәні ұстаздарының арасында қалалық конкурстың жеңімпазы
   Алматы қаласы Білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен қалалық ағылшын тілі пәні ұстаздарының арасында өткен конкурста Досқожаева Нұргүл Елшібекқызы "The best video lesson" номинациясы бойынша 1 дәрежелі дипломмен марапатталды. Құтты болсын!
Биылғы жылғы лицей түлектері Абай атындағы ҚазҰПУ «Талапкер-2022» ашық есік күніне қатысты.
23
апрель
2022
Биылғы жылғы лицей түлектері Абай атындағы ҚазҰПУ «Талапкер-2022»
     Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық институты «Талапкер-2022» атты ашық есік күнін өткізді. Аталмыш шараға №178 мамандандырылған лицейдің болашақ түлектері қатысып, өздеріне қажетті ақпаратты алды. Еліміздің педагогика саласында бірінші орын алатын Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде шәкірттеріміз білім алатындығына кәміл сенімдеміз.  
Алматы қаласы мектептерінің ағылшын лигалары арасында жолдастық пікірсайыс турнирі өтті.
22
апрель
2022
Алматы қаласы мектептерінің ағылшын лигалары арасында жолдастық
   "Халықаралық Жер" күніне орай №178 мамандандырылған лицейде ағылшын тілі пәні мұғалімдері Досқожаева Нұргүл және Ауелбекова Айнұрдың ұйымдастыруымен қалалық ағылшын лигалары арасында жолдастық пікірсайыс турнирі өтті.  Бұл жолдастық кездесуге №178 мамандандырылған лицей, №166 лицей және №201, №105, №27 гимназияларынан 32 оқушы, 16 команда қатысты. Пікірсайыстың қорытындысы бойынша: 1️⃣ орын - №27 гимназия; 2️⃣ орын - №105 гимназия; 3️⃣ орын - №178 мамандандырылған лицей ("VIS" тобы) иеленді.
"Оқуға құштар мектеп" жобасының аясында  9-сыныптар арасында "Кітап оқиық" байқауы өткізілді.
22
апрель
2022
"Оқуға құштар мектеп" жобасының аясында 9-сыныптар арасында "Кітап
   Алатау ауданы Білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Оқуға құштар мектеп" жобасының аясында 9-сыныптар арасында "Кітап оқиық" байқауы өткізілді. Байқауда лицейіміздің 9 "З" сынып оқушысы Жақсымұрат Асема жүлделі 1-орынға ие болды. Жетекшісі Абдумуталипова Перизат
М.Әуезовтің "Көксерек" әңгімесінен ашық сабақ өткізілді.
22
апрель
2022
М.Әуезовтің "Көксерек" әңгімесінен ашық сабақ өткізілді.
    N178 мамандандырылған лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының апталығы аясында 7"В"сыныбында А.Ауелбекова М.Әуезовтің "Көксерек" әңгімесінен ашық сабақ өткізді. "Ұстаздар үйінің" аға оқытушысы Есентаева Айжан Ыдырысқызы сабаққа кері байланыс беріп, "Алматы ұстазы" республикалық әдістемелік журналында озық тәжірибені тарату мақсатында өз ойымен бөлісті. Толығырақ "Алматы ұстазы" журналынан таныса аласыздар! Журналдың мұқабасында лицейдің 7-сынып оқушылары!
"IITU ROBOCON-2022" робототехникадан республикалық олимпиадасы өз мәресіне жетті.
21
апрель
2022
"IITU ROBOCON-2022" робототехникадан республикалық олимпиадасы өз
     "IITU ROBOCON-2022" робототехникадан республикалық олимпиадасы өз мәресіне жетті. Олимпиаданың ақтық кезеңі Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті базасында өтті.  Робототехникадан республикалық чемпионатта екі кезеңнен сүрінбей өткен №178 мамандандырылған лицейдің 10-сынып оқушысы Р.Миракбаров, 9-сынып оқушылары Е.Құрман, Д.Төлеген, Д. Ахмет қорытынды кезеңде жүлделі ІІ орынды жеңіп алды. Олимпиаданың арнайы бағалы сыйлығымен марапатталды. Робототехниканың дамуына үлесін қосып
5-11 сыныптар арасында "Мемлекеттік рәміздер - ұлт мақтанышы" такырыбында сынып сағаттары өткізілді.
21
апрель
2022
5-11 сыныптар арасында "Мемлекеттік рәміздер - ұлт мақтанышы"
    N178 мамандандырылған лицейде 5-11 сыныптар арасында "Мемлекеттік рәміздер - ұлт мақтанышы" такырыбында сынып сағаттары өткізілді. Максаты: Оқушыларға мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін ұғындыру, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін ашып көрсету. Отаншылдық, ұлтжандылыққа, өз елін, тегін, тарихын сүюге тәрбиелеу.