Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Spring games 2022» робототехника байқауы
30
апрель
2022
«Spring games 2022» робототехника байқауы
     29.04.2022 Алматы қалалық оқушылар сарайында «Spring games 2022» робототехника байқауы жоғарғы деңгейде өтті. Аталмыш байқауда №178 мамандандырылған лицейдің «Omega» командасы Миракбаров Райымбек, Құрман Еркөкше ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі №178 мамандандырылған лицейдің робототехника пәнінің мұғалімі Рахатов Дастан Тулеубекович. Шәкірттеріміздің жеткен жетістігі құтты болсын!
Лицейімізде өзін-өзі басқару ұйымы мектеп парламенті бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың таныстырылуы өтті.
30
апрель
2022
Лицейімізде өзін-өзі басқару ұйымы мектеп парламенті бойынша
     "Ел жастары" клубының мүшелері, Лицей Президенті Мұқаш Ермұхан мен вице-президент Байжұма Бексұлтан "Білім беру құзіреттілерін қалыптастыру білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің құралы ретінде" тақырыбында өтіп жатқан республикалық семинарға келген арнайы қонақтарға лицейімізде өзін-өзі басқару ұйымы мектеп парламенті бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды таныстырып, жоғары деңгейде баға алды. Лицей оқушыларының атмосферасын жасауда біз көптеген жұмыстарды атқаруда аянып қалмаймыз!