Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Лицей оқушылары Республикалық "Қадыр оқулары" атты байқаудың аудандық кезеңінде жеңімпаз атанды.
26
апрель
2022
Лицей оқушылары Республикалық "Қадыр оқулары" атты байқаудың аудандық
     22.04.2022ж Республикалық "Қадыр оқулары" атты байқаудың аудандық кезеңінде ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу бойынша Мәли Зарема өзінің өлең оқу шеберлігімен көзге түсіп, "Сөз зергері" номинациясына ие болды. Ал Әлібай Ислам ақын өлеңдеріне жазылған әндерді нақышына келтіре орындап, І-орын жеңімпазы атанып, қалалық кезеңге жолдама алды. Жас талантқа "қалалық кезеңде елді өнеріңмен қуантып, биік белестерді бағындыра бер!" деп, сәттілік тілейміз. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
№178 мамандандырылған лицей Республиканың «ҮЗДІК 50 МЕКТЕП» қатарында!!!
26
апрель
2022
№178 мамандандырылған лицей Республиканың «ҮЗДІК 50 МЕКТЕП»
     РЕСПУБЛИКАНЫҢ «ҮЗДІК 100 МЕКТЕП» РЕЙТІНГІСІ АНЫҚТАЛДЫ БҒМ "Дарын" РҒПО 2021-2022 оқу жылында өткен Жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиаданың нәтижелері бойынша Республиканың «Үздік 100 мектеп» рейтінгісі анықталды. Рейтинг бойынша №178 мамандандырылған лицей 46 орынды иемденіп, алғашқы «Үздік 50 мектептің» қатарына енді. Алматы қаласы рейтінгісі бойынша алғашқы үштіктен орын алды. Атап айтсақ, 1 орын - 165 МЛ, 2 орын – БИЛ, 3 орын – 178 МЛ иемденді. Дарынды шәкірттеріміздің
«Ғылым әлемін ашамыз» атты ғарыштық зерттеулер бойынша ғылыми жарыстың қалалық кезеңінің қорытындысы жарияланды.
26
апрель
2022
«Ғылым әлемін ашамыз» атты ғарыштық зерттеулер бойынша ғылыми
    «Ғылым әлемін ашамыз» атты халықаралық ғарыштық зерттеулер бойынша Халықаралық ғылыми жарыстарының қалалық кезеңінің қорытындысы шықты. №178 мамандандырылған лицейден 4 ғылыми жоба келесі кезеңге жолдама алды. Олар: Астрофизика секциясынан «Жұлдызаралық орта бейнелерінің фракталдық талдауы» тақырыбы бойынша Даулет Айбек, Еркін Ернат және "V356Sgr қос жұлдызын зерттеу" жобасымен Сапар Еркебұлан мен Алмат Диас өтті. Экология және ғарыш секциясынан Баймұханова Нұрсұлу «Кеңістіктегі сумен
«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫ, СТРАТЕГИЯЛАР ЖӘНЕ ІСКЕ АСЫРУ ТЕТІКТЕРІ» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік кoнфepeнц
26
апрель
2022
«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫ,
       2022 жылдың 22-23 сәуір аралығында Алматы қаласы №178 мамандандырылған лицейдің ұйымдастыруымен «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫ, СТРАТЕГИЯЛАР ЖӘНЕ ІСКЕ АСЫРУ ТЕТІКТЕРІ» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік кoнфepeнция өтті. Конференцияда мұғалімдердің Жаңа Қазақстанның жаңару мен жаңғыру жолындағы жас ұрпаққа тәрбие мен білім берудегі инновациялық іс-әрекеттің ғылыми- педагогикалық негіздерін меңгеру жолындағы іс-тәжірибесі қарастырылды. Халықаралық
"Мен - үздік топ басшымын!" лицейішілік байқауға дайындық жұмыстары жүргізілді.
26
апрель
2022
"Мен - үздік топ басшымын!" лицейішілік байқауға дайындық жұмыстары
     2021-2022 оқу жылын қорытындылау үшін лицейіміздің 8-сыныптардың топ басшылары арасында "Мен - үздік топ басшымын!" байқауы өткізіледі. Байқау алдында "Ел жастары" клубының ұйымдастырушылары атынан топ басшыларына түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қатысушыларға сәттілік тілейміз! Шын мықты жеңіп шықсын.
"Ұлдарға кеңес, қыздарға кеңес" тақырыбында  Әзілхан Нұршайықовтың шығармасы негізінде тәрбие сағаты өткізілді.
26
апрель
2022
"Ұлдарға кеңес, қыздарға кеңес" тақырыбында Әзілхан Нұршайықовтың
      №178 мамандандырылған лицейдің 6"Д" сынып жетекшісі Ертуганова Балжан Туленовна тәрбие бағыты бойынша 2022 жылға арналған мерейтойлар мен даталы күндер күнтізбесіне сәйкес 26 сәуір күні Әзілхан Нұршайықовтың "Ұлдарға кеңес, қыздарға кеңес" тақырыбында ақынның шығармасы негізінде тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: жазушының шығармашылығымен таныса отырып, кеңестерін оқушылар бойына сіңіру. Тәрбие сағатына 30 оқушы қатысып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.