Алматы қаласы мектептерінің ағылшын лигалары арасында жолдастық
"Халықаралық Жер" күніне орай №178 мамандандырылған лицейде ағылшын тілі пәні мұғалімдері Досқожаева Нұргүл және Ауелбекова Айнұрдың ұйымдастыруымен қалалық ағылшын лигалары арасында жолдастық пікірсайыс турнирі өтті. Бұл жолдастық кездесуге №178 мамандандырылған лицей, №166 лицей және №201, №105, №27 гимназияларынан 32 оқушы, 16 команда қатысты. Пікірсайыстың қорытындысы бойынша: 1️⃣ орын - №27 гимназия; 2️⃣ орын - №105 гимназия; 3️⃣ орын - №178 мамандандырылған лицей ("VIS" тобы) иеленді.