Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Spring games 2022» робототехника байқауы
30
апрель
2022
«Spring games 2022» робототехника байқауы
     29.04.2022 Алматы қалалық оқушылар сарайында «Spring games 2022» робототехника байқауы жоғарғы деңгейде өтті. Аталмыш байқауда №178 мамандандырылған лицейдің «Omega» командасы Миракбаров Райымбек, Құрман Еркөкше ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі №178 мамандандырылған лицейдің робототехника пәнінің мұғалімі Рахатов Дастан Тулеубекович. Шәкірттеріміздің жеткен жетістігі құтты болсын!
Лицейімізде өзін-өзі басқару ұйымы мектеп парламенті бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың таныстырылуы өтті.
30
апрель
2022
Лицейімізде өзін-өзі басқару ұйымы мектеп парламенті бойынша
     "Ел жастары" клубының мүшелері, Лицей Президенті Мұқаш Ермұхан мен вице-президент Байжұма Бексұлтан "Білім беру құзіреттілерін қалыптастыру білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің құралы ретінде" тақырыбында өтіп жатқан республикалық семинарға келген арнайы қонақтарға лицейімізде өзін-өзі басқару ұйымы мектеп парламенті бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды таныстырып, жоғары деңгейде баға алды. Лицей оқушыларының атмосферасын жасауда біз көптеген жұмыстарды атқаруда аянып қалмаймыз!
Математика пәнінен «Алтын түлек» олимпиадасының қалалық кезеңі
29
апрель
2022
Математика пәнінен «Алтын түлек» олимпиадасының қалалық кезеңі
     Алматы қаласы “Зерделі ақыл-ой дамыту орталығының” ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 29 сәуір күні №126 мамандандырылған лицей ғимаратында 10 сынып оқушылары арасында математика пәнінен «Алтын түлек» олимпиадасының қалалық кезеңі өтті. Олимпиаданың мақсаты – математика ғылымының қыр-сырларын жетік меңгеру, түрлі тапсырмаларды сыни тұрғыдан ойлап, күрделі есептерді шығару арқылы ерекше қабілетті балаларды анықтау. №178 мамандандырылған лицей шәкірттері де өз білімдерін сынаққа салып, Сағынбек
"Мен дебатёрмін" челленджі
29
апрель
2022
"Мен дебатёрмін" челленджі
     Алматы қаласы Білім басқармасының “Алматы дарыны” дарынды балалалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы ұйымдастыруымен 8-11 сынып оқушылары мен колледж студенттері арасында өткізілген "Мен дебатёрмін" челленджіне белсенді қатысқан үшін N178 мамандандырылған лицейдің 10 "А" сынып оқушысы Айтбек Мадианға сертификат берілді.
"Балалар мен жасөспірімдер арасында нашақорлық пен суицидтің алдын алу" такырыбында түсіндірмелі жұмыстары жүргізілді.
28
апрель
2022
"Балалар мен жасөспірімдер арасында нашақорлық пен суицидтің алдын
     N178 мамандандырылған лицейде Алатау ауданы ЖПҚБ ЮПБ инспекторы полиция капитаны Халмырзаев Темирбек Махкамович 5-8 сынып оқушыларына "Балалар мен жасөспірімдер арасында нашақорлық пен суицидтің алдын алу" такырыбында түсіндірмелі жұмыстарын жүргізді.
«Spring games 2022» робототехника байқауы өткізілді.
28
апрель
2022
«Spring games 2022» робототехника байқауы өткізілді.
     Алматы қалалық оқушылар сарайында «Spring games 2022» робототехника байқауы өткізілді. Нәтижесінде №178 мамандандырылған лицейдің 9 "Ж" сынып оқушысы Санатұлы Олжас ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Ахметов Бегалы. Құтты болсын!