"Балалар жылы" аясында футболдан лицейішілік турнир өткізілді.
"Gol Gol" футбол орталығында кәсіпкер Доғдырбайұлы Данияр мырзаның қолдауымен каникул кезінде лицей оқушыларының демалыс уақытын тиімді өткізу мақсатында "Балалар жылы" аясында бұқаралық спортты дамыту және қолдау негізінде 10-11 сыныптардың ер балалары арасында футболдан лицейішілік турнир өткізілді. Турнирге 8 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде жеңімпаз және жүлдегер атанған сыныптар: І орын (20 000 теңге) иегері - 11 "З" сыныбы ІІ орын (15 000 теңге) иегері - 11 "Ә"