Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Шахматтан 8-17 жас аралығындағы қалалық мектеп оқушыларының жарысында топ жарды.
15
март
2022
Шахматтан 8-17 жас аралығындағы қалалық мектеп оқушыларының жарысында
     8-17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Шахматтан "KAISSA" Академиясында өткен қалалық мектеп оқушыларының жарысына №178 мамандандырылған лицейдің оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Жарысқа қала бойынша ең мықты деген 25 оқушы қатысты. Жасөспірімдер арасында №178 мамандандырылған лицейдің 6 «Г» сынып оқушысы Жуматай Азамат 4 разряд бойынша I орын алса, 6 «Д» сынып оқушысы Өтелбай Нурасыл осы жарыстың жалпы есебі бойынша I орын иеленді. Оқушыларымыз қоржындарына Алтын
«Өз жұлдызыңды жақ!» жас педагогтар байқауы.
15
март
2022
«Өз жұлдызыңды жақ!» жас педагогтар байқауы.
       Алматы қаласы Алатау ауданы мектептерінің арасында жас педагогтардың әлеуметтік мәртебесін арттыру және шығармашылық әлеуетін жандандыру, одан әрі кәсіби өсуі үшін жағдай жасау мақсатында өткізілген«Өз жұлдызыңды жақ!» байқауында№178 мамандандырылған лицейдің физика пәнінің мұғалімі Исакова Жанар Бактиярқызы жүлделі ІІІ орынды иеленді. Дарынды жас маманға шығармашылық табыс тілейміз.
"Мектептегі математикалық білім: жағдайы, мәселелері, ұсыныстары" атты математика пәні мұғалімдерінің республикалық съезі.
15
март
2022
"Мектептегі математикалық білім: жағдайы, мәселелері, ұсыныстары"
        🟢 №178 мамандандырылған лицейдің математика пәнінің мұғалімі, педагог-шебер Бектасова Алмагул Ибраимовна академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің базасында "Мектептегі математикалық білім: жағдайы, мәселелері, ұсыныстары" атты математика пәні мұғалімдерінің республикалық съезіне қатысты. 🟠 Алмагул Ибраимовна лицейдегі математика кафедрасының отырысында съезде көтерілген бірқатар ұсыныстарды атап өтті. Оның ішінде: тесттер мен оларға бағалау критерийлерін жасау схемасын,
"Абай әлемі" атты  республикалық шығармашылық байқау.
15
март
2022
"Абай әлемі" атты республикалық шығармашылық байқау.
       2022 жылдың 28 ақпан күні ҚР Білім және ғылым министрлігі "Дарын" Республикалық ғылыми-практикалық орталығы және Абай атындағы РММИ бірлесіп ұйымдастырған "Абай әлемі" атты республикалық шығармашылық байқауда көрсеткен ерекше жетістіктері үшін 8 "Ж" сынып оқушысы Төкен Ақжол және жетекшісі Женсикбаева Назгүл алғыс хатпен марапатталды. Талантты шәкіртіміз бен талапты ұстазымызды жеткен жетістіктерімен құттықтаймыз!