Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Өнерлі елдің оты сөнбес" атты шығармашылық концерт өткізілді.
10
март
2022
"Өнерлі елдің оты сөнбес" атты шығармашылық концерт өткізілді.
 «Эстетикалық пәндер, дене шынықтыру, АӘ және технологиялық дайындық» кафедрасының онкүндігі аясында лицейде музыка пәнінің мұғалімі Г. Асанова мен би үйірмесінің жетекшісі Л. Тургумбаеваның ұйымдастыруымен "Өнерлі елдің оты сөнбес" атты шығармашылық концерт өтті.  Шығармашылық концертте  оқушылар әуезді әнімен,  мың бұрала  биімен көрермендер ықыласына бөленіп, өз өнерлерін паш етті.  Концерт барысында барша аналарды, ұстаздарды мерекесімен құттықтады. Концерт жоғары деңгейде өтті.
ХХІ Халықаралық «Жібек жолы» олимпиадасы өткізілді.
10
март
2022
ХХІ Халықаралық «Жібек жолы» олимпиадасы өткізілді.
🎯 БЕКСҰЛТАН "ЖІБЕК ЖОЛЫ" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНДА ТОП ЖАРДЫ ✅ 2022 жылғы 8-9 наурызда Алматы қаласында математикадан ХХІ Халықаралық «Жібек жолы» олимпиадасы өтті. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Түркия, Әзірбайжан, Қытай, Тәжікстан және т.б. елдердің жас математиктері күрделі де қызықты тапсырмаларды орындап, өзара бақ сынасты. 🏆 Олимпиада нәтижесі бойынша, №178 мамандандырылған лицейдің 11-сынып оқушысы Құрманбек Бексұлтан 🥉ҚОЛА МЕДАЛЬ
«Дос болайық бәріміз» тақырыбында  психологиялық тренинг өткізілді.
10
март
2022
«Дос болайық бәріміз» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.
      №178 мамандандырылған лицейде 7-сынып оқушыларымен «Дос болайық бәріміз» тақырыбында лицей психологтары Агажанова Жанна, Жамалова Гаухар психологиялық тренинг өткізді. Тренингтің негізгі мақсаты: оқушылар арасындағы жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету. Қарым-қатынас дағдысын қалыптастыру.