Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Февраль 2022 года » Страница 2
8-сынып оқушыларымен «Мен басқалардың арасындамын» тақырыбында психологиялық тренинг өтті.
26
февраль
2022
8-сынып оқушыларымен «Мен басқалардың арасындамын» тақырыбында
   №178 мамандандырылған лицейдің психолог мамандары Ж.А.Агажанова, Г.Ж.Жамалова 8-сынып оқушыларымен «Мен басқалардың арасындамын» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Тренинг барысында оқушылар арасындағы дау-жанжалдың туындау себептері мен оларды шешу жолдарын зерттеу мақсатында «Кездесу», «Шеңбер бойындағы доп» жаттығулары жүргізілді.
Физика пәні бойынша 7-сыныптар арасында "Кім тапқыр?" сайысы өтті.
26
февраль
2022
Физика пәні бойынша 7-сыныптар арасында "Кім тапқыр?" сайысы өтті.
   ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқына жолдауы барысында биыл елімізде "Балалар жылы" болып жарияланды. Сол мақсатта лицейіміздің дарынды және талантты оқушыларын қолдау мақсатында физика пәні бойынша 7-сыныптар арасында "Кім тапқыр?" сайысы кәсіпкер, "Конфедерация кубогы" жобасының жетекшісі Бақытбек Хамиттың қолдауымен өткізілді. Ал лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы жеңімпаз және жүлдегер атанған оқушыларымызды марапаттады. Сонымен жеңімпаз және жүлдегер
II Республикалық «Абай әлемі» шығармашылық байқауы
26
февраль
2022
II Республикалық «Абай әлемі» шығармашылық байқауы
Алматы қаласы Білім Басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы ұйымдастырған II Республикалық «Абай әлемі» шығармашылық байқауының «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін...» бағыты бойынша ақындар мүшәйрасының қалалық кезеңінен мамандандырылған лицейдің 8 «Ж» сынып оқушысы Төкен Ақжол жүлделі 1-орынды иеленді. Әдебиетті сүйіп оқитын ақын жанды шәкіртіміз аталмыш сайыстың аудандық кезеңінде де оқ бойы озып шығып,1-орынды қанжығасына
«Жырлайды жүрек» атты жыр мүшайрасы
26
февраль
2022
«Жырлайды жүрек» атты жыр мүшайрасы
Алматы қаласы орта білім беру ұйымдары педагогтері арасында қазақ поэзиясының Хан Тәңірі Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына орай ұйымдастырылған «Жырлайды жүрек» атты жыр мүшайрасының қалалық кезеңінде №178 мамандандырылған лицейдің математика пәнінің мұғалімі Әділбеков Ермұрат Нұрғанымұлы ІІІ орын иегері атанды. Дарынды және талантты ұстазымызға шығармашылық табыс тілейміз. Марапатыңыз құтты болсын, құрметті Ермұрат Нұрғанымұлы!
Судың адам денсаулығына пайдасы
25
февраль
2022
Судың адам денсаулығына пайдасы
       Адам күніне 2 литр су ішуі керек. Бұл салмағы 65­-70 келі аралықтағы адам үшін жарамды. Егер сіз бұдан да ірі болсаңыз, онда күн сайынғы ішетін су мөлшерін есептеп шығыңыз. Әрбір килограмм үшін 30 грамм судан қосылып отырады. Мысалы, сіздің салмағыңыз 90 келі, онда ­ 90*30=2700 мл су. Әрбір таңды бір стакан кофемен емес, сумен бастаңыз. Осылай, сіз ағзаның оянуына көмектесесіз. Миға күш беріп, ішек пен қарынға таңғы асты қорытуға мүмкіндік бересіз. Сізде бос уақыт мүлде аз болса да, күн
Республикалық ғылыми жобалар конкурсының ақтық кезеңі  өз мәресіне жетті.
25
февраль
2022
Республикалық ғылыми жобалар конкурсының ақтық кезеңі өз мәресіне
🎓 Жас дарындарымыз жеңіске жетті! 📚 🏆 Республикалық ғылыми жобалар конкурсының ақтық кезеңі де өз мәресіне жетті. №178 мамандандырылған лицейдің жас ғалымдары мен жетекші ұстаздары жыл бойына күндіз-түні талмай еңбектеніп, ғылыми-зерттеу жұмыстарын егжей-тегжейімен зерттеді. Міне, бүгін, сол еңбектің жемісін көруде!!! Ғылыми жобалар конкурсының республикалық кезеңінде 🥇 1-орын Дюсенова Алиша мен Өмен Меруерт, 🥈 2-орын Төлеген Диас, Ахмет Даурен, Абылайханұлы Нұрдаулет, Меркибек Камилла, Серік