Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Февраль 2022 года » Страница 10
"Халықаралық Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев" қорының қолдауымен өткізілген ғылыми конференциямыз лицейімізде кең көлемде аталып өтті.
15
февраль
2022
"Халықаралық Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев" қорының қолдауымен
Биыл қазақ зиялыларының атаулы мерекесі елімізде аталып өтеді. Соның бірі, әрі бірегейі - Дінмұхамед Қонаев! "Халықаралық Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев" қорының қолдауымен өткізілген ғылыми конференциямыз лицейімізде кең көлемде аталып өтті.
«Тыңдай білу іскерлігі» тақырыбында  психологиялық тренинг жүргізді.
15
февраль
2022
«Тыңдай білу іскерлігі» тақырыбында психологиялық тренинг жүргізді.
   №178 мамандандырылған лицейде 8-сынып оқушыларымен «Тыңдай білу іскерлігі» тақырыбында лицей психологі Г.Ж. Жамалова психологиялық тренинг жүргізді. Тренингтің мақсаты: Қарым-қатынастың тәсілдерін меңгеру, тыңдай білу іскерлігін жетілдіру.
Шахмат - мінез-құлықты тәрбиелейді.
15
февраль
2022
Шахмат - мінез-құлықты тәрбиелейді.
   №178 мамандандырылған лицейде жыл сайын шахмат үйірмесі жұмыс жасайды. Жетекшісі - Амонбаев Сино.  Шахмат - мінез-құлықты тәрбиелейді. Әр балаға бір орында тапжылмай ұзақ отыру қиын-ақ. Ал шахмат ойыны кезінде оқушылар сағаттап бір орында қалай отырғанын өздері де аңғармай қалады. Бала осылай салмақтылықты, сабырлылықты үйренеді.
Лицей тәлімгері мен 10 "Ә" сынып оқушысы  Д.А. Қонаевтың 110 жылдық мерейтойына орай онлайн режимде өткізілген халықаралық конференцияға қатысты.
15
февраль
2022
Лицей тәлімгері мен 10 "Ә" сынып оқушысы Д.А. Қонаевтың 110 жылдық
   Лицей тәлімгері Әбілқайыр Тілеужан мен 10 "Ә" сынып оқушысы Жалғасбек Адал аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қазақтың абыз, аңыз ақсақалы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 110 жылдық мерейтойына орай онлайн режимде өткізілген халықаралық конференцияға қатысты.
«Отан! Табиғат! Жер-Ана!" тақырыбында ашық сабақ өткізді.
15
февраль
2022
«Отан! Табиғат! Жер-Ана!" тақырыбында ашық сабақ өткізді.
№ 178 мамандандырылған лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Женсикбаева Н.Б. 8 «Ғ» сынып оқушыларымен «Отан! Табиғат! Жер-Ана!" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар қоғамдағы экологиялық мәселелер жайында кең мағлұмат алып, табиғатты қорғау, Отанды сүю, Жер-Ананы қадірлеудің маңызын тереңінен түсіне білді. Сабақта мұғалім АКТ-ні шебер қолданып,оқушылардың қызығушылықтарын оята білді. Сабақ өз мақсатына жетті.
Кітап - мәңгілік парасаттың ең киелі ғибраты.
15
февраль
2022
Кітап - мәңгілік парасаттың ең киелі ғибраты.
Кітап — бөлек бір әлем. Сол әлемге топ етіп, ондағы әлемге саяхат жасаған адамның ақылы мен санасы қатар өсері анық. Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының онкүндігіне орай кітап оқу байқауы жалғасуда. Егер сіз оқуды ұнатсаңыз немесе жақсы әдетті сақтауды бастағыңыз келсе, онда бұл шара сіз үшін. Қатысушыларды түрлі сыйлықтар күтіп тұр.
. №178 мамандандырылған лицейдің 6 "Е" сынып оқушысы Сейлбек Шерзатхан  "KAISSA"  Шахмат Өнер орталығының ұйымдастыруымен өткізілген "Wunderkind Chess Battle" турнирына қатысып, III орынды иеленді
15
февраль
2022
. №178 мамандандырылған лицейдің 6 "Е" сынып оқушысы Сейлбек
Шахматты баланың ойлау жүйесін жан-жақты дамытып, шыңдайтын ең мықты тренажер деп бағалайды. Шахмат ойыны барысында адам миының оң және сол жақ жарты шары бірдей жұмыс істейді. Ойыншы әрбір жүрісінің алдында қадамдарын жоспарлайды. №178 мамандандырылған лицейдің 6 "Е" сынып оқушысы Сейлбек Шерзатхан "KAISSA" Шахмат Өнер орталығының ұйымдастыруымен өткізілген "Wunderkind Chess Battle" турнирына қатысып, III орынды иеленді. Біліміңді шыңдай бер, алда тек жүлделі орындар алғайсың!!!
«Мен және менің сыныбым» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.
15
февраль
2022
«Мен және менің сыныбым» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.
№178 мамандандырылған лицей психологі Г.Ж. Жамалова «Мен және менің сыныбым» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Тренинг мақсаты: Оқушыларға өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін және жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру.
11-сынып оқушыларымен «Тұлғаның басымдылық деңгейін анықтау» тақырыбында тренинг өткізді.
15
февраль
2022
11-сынып оқушыларымен «Тұлғаның басымдылық деңгейін анықтау»
№178 мамандандырылған лицейдің психологі Ж.А.Агажанова 11-сынып оқушыларымен «Тұлғаның басымдылық деңгейін анықтау» тақырыбында тренинг өткізді. Тренингтің басты мақсаты оқушылардың өздеріне деген сенімін қалыптастырып, айналасында болып жатқан оқиғалардан өз бетінше ой түйіп, шешім шығаруға дағдыландыру. Жеткіншектің тұлға ретінде қалыптасу үрдісі өзіне сенімі қалыптасқанда ғана нәтижелі болады.
2022 жылдың 14-19 ақпан аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі №178 мамандандырылған лицейде өткізілуде.
15
февраль
2022
2022 жылдың 14-19 ақпан аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша
2022 жылдың 14-19 ақпан аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі №178 мамандандырылған лицейде өткізілуде. 14 ақпан күні 9-11 сыныптарға биология және информатика пәндері бойынша оқушылар өз білімін сынауда. Алатау ауданы бойынша олимпиада кестесіне сәйкес: 📌 сағат 10:00-12:00 арасында 9 сынып оқушылары; -📌 сағат13:00-15:00 арасында 10 сынып оқушылары; 📌 сағат 16:00-18:00 аралығында 11 сыныптың ізденімпаздары өзара білім сынағына түседі. ❗Барлық