Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Лицей сұлтаны – 2022» байқауы өткізілді.
26
февраль
2022
«Лицей сұлтаны – 2022» байқауы өткізілді.
   26 ақпан күні №178 мамандандырылған лицейде жігіттерді батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа баулу және де қазақ халқының салт-дәстүрін дәріптеу мақсатында «Лицей сұлтаны–2022» байқауы өткізілді. Байқау нәтижесінде 🏆Бас жүлдені 7 "Ғ"сынып оқушысы Абдиманап Алибек алып, "Лицей сұлтаны" атанды. Сынып жетекшісі: Әуелбекова Айман.  Құттықтаймыз, қанатың ешқашан талмасын!!!
«Лицей аруы – 2022» лицейішілік байқауы өткізілді.
26
февраль
2022
«Лицей аруы – 2022» лицейішілік байқауы өткізілді.
25 ақпан күні №178 мамандандырылған лицейде қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани-адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту мақсатында «Лицей аруы – 2022» лицейішілік байқауы өткізілді. Байқау нәтижесінде 🏆Бас жүлдені 7 "Г" сынып оқушысы Ахмет Жасия алып, "Лицей аруы" атанды. Сынып жетекшісі: Батырхан Мәулетгүл. Құттықтаймыз, тек биіктен көріне
8-сынып оқушыларымен «Мен басқалардың арасындамын» тақырыбында психологиялық тренинг өтті.
26
февраль
2022
8-сынып оқушыларымен «Мен басқалардың арасындамын» тақырыбында
   №178 мамандандырылған лицейдің психолог мамандары Ж.А.Агажанова, Г.Ж.Жамалова 8-сынып оқушыларымен «Мен басқалардың арасындамын» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Тренинг барысында оқушылар арасындағы дау-жанжалдың туындау себептері мен оларды шешу жолдарын зерттеу мақсатында «Кездесу», «Шеңбер бойындағы доп» жаттығулары жүргізілді.
Физика пәні бойынша 7-сыныптар арасында "Кім тапқыр?" сайысы өтті.
26
февраль
2022
Физика пәні бойынша 7-сыныптар арасында "Кім тапқыр?" сайысы өтті.
   ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқына жолдауы барысында биыл елімізде "Балалар жылы" болып жарияланды. Сол мақсатта лицейіміздің дарынды және талантты оқушыларын қолдау мақсатында физика пәні бойынша 7-сыныптар арасында "Кім тапқыр?" сайысы кәсіпкер, "Конфедерация кубогы" жобасының жетекшісі Бақытбек Хамиттың қолдауымен өткізілді. Ал лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы жеңімпаз және жүлдегер атанған оқушыларымызды марапаттады. Сонымен жеңімпаз және жүлдегер
II Республикалық «Абай әлемі» шығармашылық байқауы
26
февраль
2022
II Республикалық «Абай әлемі» шығармашылық байқауы
Алматы қаласы Білім Басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы ұйымдастырған II Республикалық «Абай әлемі» шығармашылық байқауының «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін...» бағыты бойынша ақындар мүшәйрасының қалалық кезеңінен мамандандырылған лицейдің 8 «Ж» сынып оқушысы Төкен Ақжол жүлделі 1-орынды иеленді. Әдебиетті сүйіп оқитын ақын жанды шәкіртіміз аталмыш сайыстың аудандық кезеңінде де оқ бойы озып шығып,1-орынды қанжығасына
«Жырлайды жүрек» атты жыр мүшайрасы
26
февраль
2022
«Жырлайды жүрек» атты жыр мүшайрасы
Алматы қаласы орта білім беру ұйымдары педагогтері арасында қазақ поэзиясының Хан Тәңірі Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына орай ұйымдастырылған «Жырлайды жүрек» атты жыр мүшайрасының қалалық кезеңінде №178 мамандандырылған лицейдің математика пәнінің мұғалімі Әділбеков Ермұрат Нұрғанымұлы ІІІ орын иегері атанды. Дарынды және талантты ұстазымызға шығармашылық табыс тілейміз. Марапатыңыз құтты болсын, құрметті Ермұрат Нұрғанымұлы!