Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Бүгін де республикалық пәндік олимпиаданың аудандық кезеңі электрондық форматта жалғасуда.
21
февраль
2022
Бүгін де республикалық пәндік олимпиаданың аудандық кезеңі
   №178 мамандандырылған лицейде жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі бүгін де "Oqylyq" платформасында жалғасын тапты. Қазақ мектептеріндегі орыс тілі, орыс мектептеріндегі қазақ тілі және ағылшын тілі пәндерінен білімді де білгір оқушылар білім додасына түсті. Бүгінгі сынаққа Алатау ауданынан жалпы саны 166 оқушы қатысты. Білімнің шыңына жетуге талпынған жас өркендерімізге сәттілік тілейміз!
"Балалар жылы" аясында лицейімізде 10-сынып қыздары арасында волейболдан лицейішілік турнир өткізілді.
21
февраль
2022
"Балалар жылы" аясында лицейімізде 10-сынып қыздары арасында
Өзін-өзі басқару ұйымының жылдық жоспарына сәйкес "Балалар жылы" аясында лицейімізде 10-сынып қыздары арасында волейболдан лицейішілік турнир өткізілді. Турнирдің қорытындысы бойынша: І орын - 10 "Ж" сыныбы (сыйлық қоры 25 000 тг); ІІ орын - 10 "Г" сыныбы (сыйлық қоры 20 000 тг), ІІІ орын - 10 "В" сыныбы (сыйлық қоры 15 000 тг) иеленді. Бұл турнирдің өтуіне қолдау көрсеткені үшін "Халықаралық Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев қорының" мүшесі Сраилов Бек мырзаға және "Ургенишбаев. У. Т" жауапкершілігі
"Тілім менің тірлігімнің айғағы, тілім барда айтылар сыр ойдағы"  пікірсайыс турнирі өткізілді.
21
февраль
2022
"Тілім менің тірлігімнің айғағы, тілім барда айтылар сыр ойдағы"
N178 мамандандырылған лицейде ақпан айының аралығында өткен қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығында "Екі жұлдыз", "Тілім менің тірлігімнің айғағы, тілім барда айтылар сыр ойдағы" ұстаз бен оқушылар фракцияларынан құралған пікірсайыс турнирі өткізілді. Турнирде әртүрлі тақырыптар, тіл мәселесі, тіл мәртебесі туралы пікірлер айтылды. Турнир мақсаты: қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оқушылар мен ұстаздар арасында берік байланыс орнату және ұстаздар мен оқушыларға пікірсайысты насихаттау
Педагогтер арасындағы "Айтыс - сөз мәйегі" тақырыбында  жыр додасын
21
февраль
2022
Педагогтер арасындағы "Айтыс - сөз мәйегі" тақырыбында жыр додасын
  №178 мамандандырылған лицейдің көркем еңбек пәні мұғалімі Кадыров Абылай Нүсіпханұлы қазақ тілінің реформаторы, әрі қазақ тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай Алатау ауданының педагогтері арасындағы "Айтыс - сөз мәйегі" тақырыбында өткен іріктеу жыр додасына қатысып, 🥇 І ОРЫН иегері атанды. Құттықтаймыз!!!👏🏻👏🏻👏🏻 Тек биікке самғаңыз!!! Қаланың Бас Жүлдегері атаныңыз!!!🏆