Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Дұрыс және тиімді тамақтану – денсаулық негізі
12
февраль
2022
Дұрыс және тиімді тамақтану – денсаулық негізі
   Дұрыс тамақтану – бұл, ең алдымен, дұрыс ұйымдастырылған және организмді дер кезінде жақсы әзірленген және тәтті тағаммен жабдықтау. Дұрыс тамақтану денсаулықтың және ұзақ өмір сүрудің басты факторы болып табылады. Адамның физикалық жағдайы, оның қалай және қандай көлемде тамақ жейтініне байланысты. Тамақтану ережелері бойынша лицейдің 5-11 сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, үлестірмелі ақпарат қағаздары таратылып берілді.     Дұрыс және тиімді тамақтану – денсаулық негізі
Мұқағали Мақатаевтың құрметіне арнап лицей оқушыларымен арнайы көрме өткізді.
12
февраль
2022
Мұқағали Мақатаевтың құрметіне арнап лицей оқушыларымен арнайы көрме
Кітапхана меңгерушісі Гүлшира Жүнісбекованың ұйымдастыруымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың құрметіне арнап лицей оқушыларымен арнайы көрме өткізді.
№178 мамандандырылған лицейдің көркем еңбек пәні мұғалімі А.Н.Қадыров  "Қамшы өріп үйренейік" тақырыбында  қамшы өруді үйретуде.
12
февраль
2022
№178 мамандандырылған лицейдің көркем еңбек пәні мұғалімі А.Н.Қадыров
№178 мамандандырылған лицейдің көркем еңбек пәні мұғалімі А.Н.Қадыров оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында "Қамшы өріп үйренейік" тақырыбында ұлдарды шығармашылық жұмысқа баулып, қамшы өруді үйретуде. Мақсаты: қазақтың ұлттық мәдениетіндегі қолөнер туындыларын дәріптеу, саусақ маторикасы арқылы танымдық, шығармашылық жұмыстарға икемділігін және эстетикалық талғамын арттыру.
Дарынды оқушыларымызға қолдау көрсеткені үшін Айгерим Еркінқызы мен Алмас Шайкен мырзаға лицей әкімшілігі атынан өз алғысымызды білдіреміз!
12
февраль
2022
Дарынды оқушыларымызға қолдау көрсеткені үшін Айгерим Еркінқызы мен
"Archive Service" жауапкершілігі серіктестігі мен "Qazyna Кітап үйі" орталығының қолдауымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған поэзия кешіне, дарынды оқушыларымызға қолдау көрсеткені үшін Айгерим Еркінқызы мен Алмас Шайкен мырзаға лицей әкімшілігі атынан өз алғысымызды білдіреміз! Кәсіптеріңізге береке тілеймін!
9-10 сынып оқушыларына  “Дарынды оқушы оқуға міндетті 100 кітап” шығармашылық жобасы туралы  түсіндіру жұмысын жүргізді.
12
февраль
2022
9-10 сынып оқушыларына “Дарынды оқушы оқуға міндетті 100 кітап”
N178 мамандандырылған лицейде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Токталиева оқушылардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында 9-10 сынып оқушыларына  “Дарынды оқушы оқуға міндетті 100 кітап” шығармашылық жобаның мақсатын айтып, жоғары буын оқушылары оқуға міндетті оқулықтар тізімімен таныстырып өтті. Бұл жоба негізінде оқушылар көркем әдебиетке қызығушылығы артады, ерікті түрде кітап оқуға машықтанады, сөздік қоры молаяды, оқушының жан дүниесі рухани бай болып қалыптасады.
№178 мамандандырылған лицейде тарих пәнінің мұғалімі Г.А.Даулетбаева 10 «Ж» сынып оқушыларымен «Қоғамның әлеуметтік құрылымының тарихи формалары» тақырыбында сабақ өткізді.
12
февраль
2022
№178 мамандандырылған лицейде тарих пәнінің мұғалімі Г.А.Даулетбаева
ХХІ ғасырда әлемдік білім беру жүйесінің дамуындағы негізгі басымдықтардың бірі –оқушылардың неғұрлым өз бетінше білім алып, оны іс жүзінде қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған. №178 мамандандырылған лицейде тарих пәнінің мұғалімі Г.А.Даулетбаева 10 «Ж» сынып оқушыларымен «Қоғамның әлеуметтік құрылымының тарихи формалары» тақырыбында сабақ өткізді. Оқушылар қоғамның әлеуметтік ұйымдасуының тарихи формаларын, оларға тән этностық белгілері туралы презентация жасап, жоба қорғады.
Г.А.Даулетбаева 10 «Ж» сынып оқушыларымен «Қоғамның әлеуметтік құрылымының тарихи формалары» тақырыбында сабақ өткізді.
12
февраль
2022
Г.А.Даулетбаева 10 «Ж» сынып оқушыларымен «Қоғамның әлеуметтік
ХХІ ғасырда әлемдік білім беру жүйесінің дамуындағы негізгі басымдықтардың бірі –оқушылардың неғұрлым өз бетінше білім алып, оны іс жүзінде қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған. №178 мамандандырылған лицейде тарих пәнінің мұғалімі Г.А.Даулетбаева 10 «Ж» сынып оқушыларымен «Қоғамның әлеуметтік құрылымының тарихи формалары» тақырыбында сабақ өткізді. Оқушылар қоғамның әлеуметтік ұйымдасуының тарихи формаларын, оларға тән этностық белгілері туралы презентация жасап, жоба қорғады.
№178 мамандандырылған лицей психологы  Жамалова Гаухар Жақсыбекқызының жетекшілігімен "Мейірімді жүрек" әлеуметтік жоба бойынша Амитбек Айбын lll орынды мадақтамамен марапатталады.
12
февраль
2022
№178 мамандандырылған лицей психологы Жамалова Гаухар
2022 жылдың 1-11 ақпан аралығында "Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы" атты онкүндіктің аудандық жоспарына сәйкес №178 мамандандырылған лицей психологы Жамалова Гаухар Жақсыбекқызының жетекшілігімен "Мейірімді жүрек" әлеуметтік жоба бойынша Амитбек Айбын lll орынды мадақтамамен марапатталды.