«Ән – көңілдің ажары» атты оқушылар арасында ән фестивалі өткізілді.
⚜️ №178 мамандандырылған лицейде «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты апталық іс-шара жоспарын жүзеге асыру барысында 2022 жылғы 7 ақпанда «Ән – көңілдің ажары» атты оқушылар арасында ән фестивалі өткізілді. 💫 Фестивальге 5-6-сынып оқушылары қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған оқушылар: 🥇 Мұхитжанқызы Райхан, Төлеуғали Ерасыл; 🥈Мерекеқызы Ділназ, Өмірсерік Айдана; 🥉Алмұрат Аяулым, Исағали Айтолқын, Сатыбалды Махаббат. ⚜️