Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мамандандырылған мектептерге оқуға түсу үшін ӨТІНІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУҒА арналған тіркеудің басталатындығы туралы
03
февраль
2022
Мамандандырылған мектептерге оқуға түсу үшін ӨТІНІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУҒА
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2022-2023 оқу жылына мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға түсуге құжаттар қабылдауды бастайтындығын хабарлайды. Құжаттарды қабылдау 2022 жылғы 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында www.qabyldau.daryn.kz сайтында онлайн-тіркеу түрінде жүзеге асырылады. Тіркеуден өзіңіз таңдаған мамандандырылған білім беру ұйымының қабырғасында көрсетілген мерзім аралығында өтуге болатындығын хабарлаймыз. Толық ақпарат www.qabyldau.daryn.kz сайтында. ======
"Мұздағы қауіпсіз" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
03
февраль
2022
"Мұздағы қауіпсіз" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
N178 мамандандырылған лицейде 5-11 сынып оқушыларына "Мұздағы қауіпсіз" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: мұз айдындарындағы қауіпсіздік ережелері туралы оқушыларға мағлұмат беру.
"Бөбек" қайырымдылық қорының Президенті, "Өзін-өзі тану бағдарламасының авторы - Сара Алпысқызының туған күніне орай ұйымдастырылған көрме
03
февраль
2022
"Бөбек" қайырымдылық қорының Президенті, "Өзін-өзі тану
    №178 мамандандырылған лицейдің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Ш.А. Асилова 5-сынып оқушылары "Бөбек" қайырымдылық қорының Президенті, "Өзін-өзі тану" бағдарламасының авторы, қазақстандық балалардың рухани анасы - Сара Алпысқызының туған күніне орай ұйымдастырылған кітапханадағы көрмеге қатысты.
"Өзін-өзі тану: "Махаббат және Шығармашылық педагогикасы" атты онкүндігінің ашылу салтанаты өткізілді.
03
февраль
2022
"Өзін-өзі тану: "Махаббат және Шығармашылық педагогикасы" атты
№178 мамандандырылған лицейде 2022 жылдың 01-11 ақпан күндері өтетін "Өзін-өзі тану" адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының авторы С.А.Назарбаеваның мерейтойына арналған "Өзін-өзі тану: "Махаббат және Шығармашылық педагогикасы" атты онкүндігінің ашылу салтанаты өткізілді. Онкүндік мақсаты: оқушыларға рухани-адамгершілік білім беру, жалпы адамзаттық құндылықтарға тәрбиелеу.
Менің сыныптасым» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
03
февраль
2022
Менің сыныптасым» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Жаратылыстану кафедрасының онкүндігінің аясында №178 мамандандырылған лицейдің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Ниязбек Ұлбосын 8 «Ж» сынып оқушыларымен «Менің сыныптасым» тақырыбында ашық сабақ өткізді.Сабақ барысында оқушыларға «адал дос», «қарым-қатынас», «бауырмашылдық» ұғымдарын түсіндіру арқылы сыныптағы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашты. Сабақта интерактивті ойындар, топтық жұмыстар, сергіту сәті өте орынды жүргізіліп, сабақ жоғары деңгейде өтті.