Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Үміт, сенім бізді алға жетелейді!» тақырыбында психологиялық аутотренинг жүргізілді.
19
январь
2022
«Үміт, сенім бізді алға жетелейді!» тақырыбында психологиялық
Өзі туралы ойын дамыту, сенімді сезіну үшін тұлғаны психологиялық күйге келтіру мақсатында «Үміт, сенім бізді алға жетелейді!» тақырыбында №178 мамандандырылған лицей психологтары Ж.А. Агажанова мен Г.Ж. Жамалова 11-сынып оқушыларымен психологиялық аутотренинг жүргізді. Тренинг барысында ҰБТ-ға баратын оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттырып, ҰБТ-ға деген жағымсыз ойлардан, қорқыныш-үрейден арылтып, жағымды эмоциялық көңіл күй тудыруға жағдай жасалынды.
«Адалдық  жүрген  жерде - адамдық  жүреді» тақырыбында сынып сағаттар өткізілді.
19
январь
2022
«Адалдық жүрген жерде - адамдық жүреді» тақырыбында сынып сағаттар
N178 мамандандырылған лицейде 5-11 сынып оқушылары арасында «Адалдық жүрген жерде - адамдық жүреді» тақырыбында сынып сағаттар өткізілді. Мақсаты: өскелең жас ұрпақтың өн бойына адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру.