Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Лицейіміздің қос бірдей оқушысы Бекен Әлішер мен Ермекұлы Дияр бокстан ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған республикалық турнирге қатысып, І орын жеңіп алды.
13
декабрь
2021
Лицейіміздің қос бірдей оқушысы Бекен Әлішер мен Ермекұлы Дияр
Лицейіміздің қос бірдей оқушысы Бекен Әлішер мен Ермекұлы Дияр бокстан ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған республикалық турнирге қатысып, І орын жеңіп алды. Былтыр лицейімізге арнайы келген Афины олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаевтың батасын алып, алдарына үлкен мақсат қойып, спортты серік еткен қос оқушымызды кезекті жеңістерімен құттықтаймыз!
Лицей оқушылары "Музей күні" жобасы аясында Қазақстан Мемлекеттік Орталық музейіне саяхат жасап барды.
13
декабрь
2021
Лицей оқушылары "Музей күні" жобасы аясында Қазақстан Мемлекеттік
2021 жылдың 12 желтоқсанында №178 мамандандырылған лицейдің 6 "А" мен 6 "В" сынып оқушылары / сынып жетекшілері: Оразалиева Т. , Ногайбаева Ж.Е./ "Музей күні" жобасы аясында Қазақстан Мемлекеттік Орталық музейіне саяхат жасап барды. Музейдегі тарихи эскпонаттармен, қазақ халқының өмірімен, салт-дәстүрлерімен, өз ұлтымызға тән ерекшеліктерімен танысып, көп мағлұматтар алды. Саяхат оқушыларға қызықты, танымды, әсерлі болды.
«ХХl ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды ойын өткізілді.
13
декабрь
2021
«ХХl ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды ойын өткізілді.
№178 мамандандырылған лицейде 2021 жылдың 11 желтоқсан күні «Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі – нәтижелі білім берудің кепілі» тақырыбында қоғамдық –гуманитарлық пәндер кафедрасы онкүндігі өз мәресіне жетті. Ағылшын тілі пәні мұғалімі Доскожаева Н., орыс тілі пәні мұғалімі Шегалиева Л., тарих пәні мұғалімі Тұрлығожаев А. ұйымдастыруларымен «ХХl ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды ойын өткізілді. Ойынға жоғары сыныптың 9 оқушысы қатысып, жүлделі орындарға 9 сыныптардың 3 оқушысы иеленді.
“Адал Ұрпақ - сенімді болашақ кепілі” атты пікірталас өткізілді.
13
декабрь
2021
“Адал Ұрпақ - сенімді болашақ кепілі” атты пікірталас өткізілді.
№178 мамандандырылған лицейде "Адал Ұрпақ" еріктілер клубының жұмыс жоспарына сәйкес рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контексінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті лицей ортасында қалыптастыру бағдарламасын негізге ала отырып, 9-ыншы сынып оқушыларымен “Адал Ұрпақ - сенімді болашақ кепілі” атты пікірталас өтті. Осы бағдарлама аясында лицей жанынан ашылған «Адал ұрпақ» еріктілер клубы жұмыс жасауда.
Қысқы ақылы ҰБТ
13
декабрь
2021
Қысқы ақылы ҰБТ
ҰБТ 2019  жылдан бастап жылына 4 рет: қаңтар, наурыз, маусым, тамыз айларында өткізіледі. Қаңтардағы, наурыздағы және тамыздағы ҰБТ - ға қатысқан талапкерлерге ЖОО-ның ақылы бөлімдеріне ғана түсу құқығы беріледі.  Тест ақылы негізде болады. 3 тестілеудің нәтижесі бойынша сертификат беріледі, бірақ ол грант алуға жарамайды. Егер, талапкер мемлекеттік грант иегері атанғысы келсе, міндетті түрде маусымда  ҰБТ  тапсырады. Осының нәтижесі бойынша жоғары балл жинаған жағдайда ғана бюджет есебінен