Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Октябрь 2021 года » Страница 7
"Математика – шексіздікті қамтыған ғылым" атты математика кафедрасының онкүндігі
06
октябрь
2021
"Математика – шексіздікті қамтыған ғылым" атты математика
      Алматы қаласы Алатау ауданы №178 мамандандырылған лицейде 06-16 қазан аралығында "Математика – шексіздікті қамтыған ғылым" тақырыбымен математика кафедрасының онкүндігі ашылды. Ашылу салтанатында бейнеролик көрсетіліп, ақпараттық үлестірмелі парақтар таратылды. Онкүндік іс-шаралары педагогикалық шеберлікті жетілдіру, пәнаралық нәтижені қалыптастыру, оқушылардың оқуға мотивациясын дамыту, математика ғылымына қызығушылығы  мен ой-өрісін кеңейтуге үлес қосары сөзсіз.
Лицейге "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Тимур Нұркешов арнайы іс-сапармен келді.
06
октябрь
2021
Лицейге "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының
№178 мамандандырылған лицейге "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Тимур Нұркешов арнайы іс-сапармен келді. Жұмыс барысында мамандандырылған лицейдің материалдық-техникалық базасымен, оқу-тәрбие үдерісі бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен жете танысты. Сонымен қатар лицей ұстаздары және оқушыларымен пікір алмасып, дарынды оқушылардың қалалық, республикалық және халықаралық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жоба байқауларындағы жетістіктеріне өзінің ризашылығын білдірді.
5-8 сыныптар аралығында  "Балалардың ең маңызды жеке құқықтары", "Адамның өмір сүру құқығы", 9-11 сыныптар аралығында  "Өмірдегі қиын  жағдайлардан шығатын жол қашанда да бар!" тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді.
05
октябрь
2021
5-8 сыныптар аралығында "Балалардың ең маңызды жеке құқықтары",
5 қазан 2021 жылы №178 мамандандырылған лицейде «Жалпыға бірдей құқықтық білім беру» бағдарламасы бойынша 5-8 сыныптар аралығында  "Балалардың ең маңызды жеке құқықтары",  "Адамның өмір сүру құқығы", 9-11 сыныптар аралығында  "Өмірдегі қиын  жағдайлардан шығатын жол  қашанда да бар!" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата заңымызға  деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру.  
Озық тәжірибе – көпке ортақ
04
октябрь
2021
Озық тәжірибе – көпке ортақ
№ 178 мамандандырылған лицейде «Мұғалімнің кәсіби шеберлігі – білім сапасының кепілі» тақырыбында мұғалімдер лицейішілік шебер-сынып өткізіп, тәжірибе алмасты. Іс-шараға «Өрлеу» БАҰО-ныі аға оқытушысы, тренер А.И. Есентаева қатысты. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері А. Ауелбекова “Жазба жұмыстары арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру”, Б. Ертуғанова «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында АКТ-ні қолдану жетістік көзі», А. Оспанбекова «Жаңартылған білім беру жағдайында топтық
Ұстаздардың кәсіби мерекесіне орай мұғалімдер марапатқа ие болды
02
октябрь
2021
Ұстаздардың кәсіби мерекесіне орай мұғалімдер марапатқа ие болды
Мамандандырылған лицейдің директоры Қайратбек Хамзаханұлы "Nur Otan" партиясы Алатау аудандық филиалы төрағасының, ал математика пәнінің мұғалімі Сағиолданов Талант Алатау ауданының әкімі А. Қалдыбековтың, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Досқожаева Нұргүл "Nur Otan" партиясы Алатау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж. Алдамбергенованың алғыс хаттарымен марапатталса, физика пәнінің мұғалімі Слямгалиева Гүлнәр Алатау ауданының әкімі А. Қалдыбековтың Құрмет грамотасымен марапатталды.
1 қазан - қарттар күніне орай “Шаңырақ" әлеуметтік қызмет орталығында игі іс-шара ұйымдастырылды
02
октябрь
2021
1 қазан - қарттар күніне орай “Шаңырақ" әлеуметтік қызмет орталығында
      Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан-жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына. 1 қазан - қарттар күніне орай №178 мамандандырылған