Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Лицейдің дарынды, үздік оқушысы Дәулет Айбек "Qazaqstan" Ұлттық телеарнасында
06
октябрь
2021
Лицейдің дарынды, үздік оқушысы Дәулет Айбек "Qazaqstan" Ұлттық
     №178 мамандандырылған лицейдің дарынды, үздік оқушыларының бірі 11 "Е" сынып оқушысы Дәулет Айбектен "Qazaqstan" Ұлттық телеарнасы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай оқушымыздың жарқын жетістіктерін таныстырып, сүбелі сұқбатын жарыққа шығарды.
"Математика – шексіздікті қамтыған ғылым" атты математика кафедрасының онкүндігі
06
октябрь
2021
"Математика – шексіздікті қамтыған ғылым" атты математика
      Алматы қаласы Алатау ауданы №178 мамандандырылған лицейде 06-16 қазан аралығында "Математика – шексіздікті қамтыған ғылым" тақырыбымен математика кафедрасының онкүндігі ашылды. Ашылу салтанатында бейнеролик көрсетіліп, ақпараттық үлестірмелі парақтар таратылды. Онкүндік іс-шаралары педагогикалық шеберлікті жетілдіру, пәнаралық нәтижені қалыптастыру, оқушылардың оқуға мотивациясын дамыту, математика ғылымына қызығушылығы  мен ой-өрісін кеңейтуге үлес қосары сөзсіз.
Лицейге "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Тимур Нұркешов арнайы іс-сапармен келді.
06
октябрь
2021
Лицейге "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының
№178 мамандандырылған лицейге "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Тимур Нұркешов арнайы іс-сапармен келді. Жұмыс барысында мамандандырылған лицейдің материалдық-техникалық базасымен, оқу-тәрбие үдерісі бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен жете танысты. Сонымен қатар лицей ұстаздары және оқушыларымен пікір алмасып, дарынды оқушылардың қалалық, республикалық және халықаралық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жоба байқауларындағы жетістіктеріне өзінің ризашылығын білдірді.