Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Сентябрь 2021 года » Страница 2
Тіл мерекесіне арналған іс-шара ағылшын тілінде өтті
27
сентябрь
2021
Тіл мерекесіне арналған іс-шара ағылшын тілінде өтті
    №178 мамандандырылған лицейде ағылшын тілі мұғалімдері Айтмағанбетова С., Жанат Ж. және Нусупалиева Д. 6-сынып оқушыларымен Тіл мерекесіне арналған сайысты офлайн форматта өткізді. Іс-шара барысында оқушылар жүйрік ойлау қабілеттері мен шапшаңдықпен жауап берулерін көрсетті. Сыныптан тыс іс-шара қызықты әрі тартымды өтті.
Алматы қаласына қарасты мектеп директорлары ҚР Білім және ғылым министрі Аймағамбетов Асхат Қанатұлымен кездесті
27
сентябрь
2021
Алматы қаласына қарасты мектеп директорлары ҚР Білім және ғылым
      2021 жылғы 24 қыркүйек күні Алматы қаласына қарасты мектеп директорлары ҚР Білім және ғылым министрі Аймағамбетов Асхат Қанатұлымен кездесті. Білім және ғылым министрімен өткен кездесуге мамандандырылған лицейдің директоры Қайратбек Хамзаханұлы да қатысып, білім жүйесіндегі өзінің көкейтесті сұрақтарын қойып, білім саласына қатысты ұсыныстарын білдірді.
5-сынып оқушылары "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымының ережесімен танысты
27
сентябрь
2021
5-сынып оқушылары "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымының
     Лицей тәлімгері Әбілқайыр Тілеужан "Жас Ұлан" ұйымы кабинетінде лицейімізге жаңадан келген 5-сынып оқушыларына республикалық "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымының ережесімен таныстырды. Оқушыларды оқуда озат болып, лицей тәртібін сақтап, қоғамдық іс-шараларға белсенді түрде қатысуға шақырды. Алдағы уақытта 5-сынып оқушылары әр бағытта лицей намысын абыроймен қорғап, өздерінің сүбелі үлестерін қосады деп сенім білдіреміз.
10-11 сынып оқушылары арасында шағын футболдан ашық турнир өткізілді
27
сентябрь
2021
10-11 сынып оқушылары арасында шағын футболдан ашық турнир өткізілді
      "Gol Gol" футбол алаңында және сол орталықтың қолдауымен, лицей тәлімгері Тілеужан Әбілқайыр мен лицейдің вице-президенті Серікұлы Әлиханның ұйымдастыруымен 10-11 сынып оқушылары арасында шағын футболдан ашық турнир өткізілді. Сыныптардан жасақталған командалар 4 топқа бөлініп, өзара үздік команданы анықтады. Лицейіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімі Естай Әнәпьяев футбол турнирінің төрешісі болды.
Күзгі каникулы кезінде оқушылар 1-7 қараша аралығында 7 күн демалады.
27
сентябрь
2021
Күзгі каникулы кезінде оқушылар 1-7 қараша аралығында 7 күн демалады.
2021-2022 оқу жылының күзгі каникулы кезінде оқушылар 1-7 қараша аралығында 7 күн демалады. Екінші тоқсанды 8 қараша күні дәстүрлі форматта бастайды.
"Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте" тақырыбында дебат өткізілді
25
сентябрь
2021
"Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте" тақырыбында дебат
        №178 мамандандырылған лицейде ағылшын тілі мұғалімдері: Ауельбекова А. мен Ильясова Г. 10-сынып оқушыларымен "Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте" тақырыбында дебат өткізді. Мақсаты: оқушыларға ана тілін құрметтеу және өз тіліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, ағылшын тілінде жетік сөйлеуге дағдыландыру. Оқушылар шешендік сөйлеу мәнерін, өз пікірлерін дәлелдей алатындықтарын және ой таластыра алатын қабілеттерін көрсете білді.
«Жолда жүру ережесін сақта!» тақырыбында түсіндірмелі жұмыстары жүргізілді
24
сентябрь
2021
«Жолда жүру ережесін сақта!» тақырыбында түсіндірмелі жұмыстары
№178 мамандандырылған лицейде қыркүйек айында жолда жүру ережесін сақтау мақсатында «Абайла, балақай!» атты айлығы ұйымдастырылуда. Айлыққа жеке жоспар құрылып, жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде. Мақсаты: жолда жүру кезіндегі балалар арасында болатын төтенше жағдайлардың алдын алу және жол ережесін қатаң сақтау. 5-11 сыныптар арасында «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік!» тақырыбында сынып сағаттары өтті. 5-7 сыныптары арасында Алатау АПБ ЖПҚБ ЮПБ инспекторы полиция капитаны Е.Қ.