Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
ТӘЖІРИБЕМЕН АЛМАСУ - КӘСІБИ ҚАЖЕТТІЛІК
30
сентябрь
2021
ТӘЖІРИБЕМЕН АЛМАСУ - КӘСІБИ ҚАЖЕТТІЛІК
Оқытудың әдіс-тәсілдерін еркін игеріп, оларды үйлесімді әрі шығармашылықпен қолдану - сабақтың сәтті өтуінің кепілі. №178 мамандандырылған лицейдің математика кафедрасының мұғалімдері тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу, сараптау бойынша тәжірибе алмасты. Кафедра отырысы барысында математика пәні мұғалімі, педагог-шебер Бектасова Алмагул Ибраимовна 5-11 сыныптың тақырыптық электронды жүйелілігімен тәжірибе бөлісті.  
"Ұстаз - ұлық емес, ұлы қызмет" тақырыбында ардагер ұстаздарымыздың қатысуымен ашық сынып сағаттары өткізілді
29
сентябрь
2021
"Ұстаз - ұлық емес, ұлы қызмет" тақырыбында ардагер ұстаздарымыздың
     №178 мамандандырылған лицейде ұстаздардың төл мерекесі күніне орай 5-11 сыныптар арасында "Ұстаз - ұлық емес, ұлы қызмет" тақырыбында лицейдің ұлағатты ардагер ұстаздарымыздың қатысуымен ашық сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: оқушыларды ұстаздарды құрметтеу мен сыйлауға тәрбиелеу.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының дайындық кезеңі.
28
сентябрь
2021
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының дайындық кезеңі.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыру және өткізу іс-шарасы негізінде - ЭКОНОМИКА секциясы бойынша, 11 сынып оқушысы Аблайхан Нурдаулет жоба мазмұнын талдауға жан-жақты дайындық үстінде. "Карантин кезіндегі бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі: проблемалар мен жаңа мүмкіндіктер" тақырыбын ашуда ғылыми жетешілік етіп отырған педагогика ғылымдарының магистрі, педагог-модератор А.А.Абдраимов жас зерттеушіге бағыт бағдар беруде.
«Мен сіздермен біргемін», «Жағымсыз эмоциялар бояуы», «Мозайка»  тақырыптарында тренингтер өткізілді.
28
сентябрь
2021
«Мен сіздермен біргемін», «Жағымсыз эмоциялар бояуы», «Мозайка»
№178 мамандандырылған лицейдің жас мамандарына білікті ұстаздармен қатар тәжірибелі және мақсатты көмек көрсетуде Алматы қаласындағы "Педагогикалық шеберлік орталығының" жүйелі өткізіп отырған оқу семинарының орны ерекше. Осы орайда «Жас педагог» клуб кеңесінің төрағасы, аға менеджері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент. А.К. Алимов өткізген «Мен сіздермен біргемін», «Жағымсыз эмоциялар бояуы», «Мозайка» деген бірнеше тренингтер өз нәтижесін беруде.
ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен желтоқсан көтерілісінің 35 жылдығына арналған волейболдан қалалық турнир өтті.
28
сентябрь
2021
ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен желтоқсан көтерілісінің 35
№178 мамандандырылған лицейде ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен желтоқсан көтерілісінің 35 жылдығына арналған волейболдан қалалық турнир өтті. Жарысты ұйымдастыруда патриоттық қозғалыс «Желтоқсан ақиқаты» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Т. Құрымбаев, Алатау ауданы әкімдігі және ПҚ «Желтоқсан Ақиқаты» РҚБ Алатау аудандық филиалының төрағасы Н. Суюнов, жарыстың бас төрешісі Х.О. Баядилов белсенділік танытты. Жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде, жарысты ұйымдастырушылар мен лицей