Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Ғарыштық техникаларда қолданылатын отандық материалдардың физикалық қасиеттері" атты конференция өткізілді
13
апрель
2021
"Ғарыштық техникаларда қолданылатын отандық материалдардың физикалық
2021 жылғы 13 сәуірде №178 мамандандырылған лицейде "Ғарышкерлер күніне" орай физика кафедрасының мұғалімдері Жумагулова Сагила Абдуллаевна мен Ікрам Дәулетбектің ұйымдастыруымен "Ғарыштық техникаларда қолданылатын отандық материалдардың физикалық қасиеттері" атты конференция өткізілді. Конференцияның мақсаты –  зымыран жасауда физикалық және механикалық қасиеттері жоғары отандық материалдарды қолдану; берік, иілгіш және коррозияға төзімді отандық өнім AL, Mg, Ti қорытпаларын “БӘЙТЕРЕК”
"Рәміздер - елдігімнің реңі, теңдігімнің тірегі", "Интернеттің пайдасы мен зияны"," Эмоция және мінез-құлық" тақырыптарында  сынып сағаттар өткізілді
13
апрель
2021
"Рәміздер - елдігімнің реңі, теңдігімнің тірегі", "Интернеттің
 2021 жылдың 13 сәуір күні №178 мамандандырылған лицейде "Рәміздер - елдігімнің реңі, теңдігімнің тірегі", "Интернеттің пайдасы мен зияны"," Эмоция және мінез-құлық" тақырыптарында 5-11 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізілді.
"Отбасы құндылықтары" тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді.
13
апрель
2021
"Отбасы құндылықтары" тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.П.Дуйсенбекованың ұйымдастыруымен “Қыз Жібек” қыздар клубының жоспарына сәйкес, "Отбасы құндылықтары" тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді. Жиналыстың мақсаты: әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру. Баланың мейірімді, сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру. Ата- ана, ұстаз, оқушы арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Бала мен ата-ана арасындағы махаббатты, сүйіспеншілікті арттыра түсу.
“Экологиялық вернисаж” көрмесі өтті
13
апрель
2021
“Экологиялық вернисаж” көрмесі өтті
Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие бағыты бойынша, биология пәні мұғалімдерінің ұйымдастырумен 5-7 сыныптар арасында “Экологиялық вернисаж” көрмесі өтті. Көрменің мақсаты: қоршаған ортаны қорғауға үйрету және олардың экологиялық мәдениеттерін дамыту.Оқушыларды шығармашылыққа баулу, эстетикалық танымдарын кеңейту. “Экологиялық вернисаж” көрмесі өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Лицейдің биология пәні мұғалімдеріне алғыс білдіреміз!