Мамандық таңдаудың бір жолы кәсіби бағдар беру
№ 178 мамандандырылған лицейдің 9 сынып оқушыларын мамандыққа баулу мақсатында ағымдағы жылдың 23 ақпанында Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем тілдері Университетіне қарасты Халықаралық сервис және менеджмент колледж мамандары кездесу өткізді. Осы іс-шарада колледж мұғалімдері оқушыларға әр түрлі мамандықтар туралы айтып, бейне- таныстырылым көрсетті. Сонымен қатар, жеңілдіктер және алдын ала тестілеу жөніндегі деректер және қажетті құжаттар тізімі де хабарландырылды.